14 Қазан, 2016

14 қазанға арналған ауа райы болжамы

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 қазан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, түнде оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аймақтарда тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Мәселен, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады,  15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қызылорда, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, түнде және таңертен жекелеген аудандарда тұман байқалады. Алматы облысының түнде және таңертен кей жерлерінде тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола облысының жекелеген аумақтарында жолда көктайғақ болатыны болжанады.