14 Қазан, 2016

Рио Олимпиадасына қатысқан екі қазақстандық спортшы 4 жылға жарыстан шеттетілді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) қазақстандық екі спортшыны  Анастасия Кудинова мен Флорида Миниянованы антидопингтік ережені бұзғаны үшін төрт жылға жарыстардан шеттетті. Осы жылдың шілде айында жеңіл атлеттерден допинг сынамалары алынған, онда спортшының құрамында допингтің бары анықталған. Олардың қан құрамында анаболикалық стеройд «дростанолон» (Drostanolone) болған. Олар 2020 жылдың тамыз айына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Еске салайық, Кудинова мен Миниянова жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасында болып, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Кудинова 400 метр қашықтықта жүгіруде жартылай финалға өте алмаған. Миниянова спорттық жүру жарысына қатысуы тиіс болған, алайда стартқа шықпаған.