14 Қазан, 2016

"Нұр Отан" жас техниктерге байқау жариялады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясы «Нұр-Интех» атты байқау жариялады. Оған еліміздің жер-жеріндегі талантты жастар қатысып, бақ сынауына болады. Байқаудың мақсаты «Жасыл» энергетика, биотехнология, агроинновация, химиялық технология және роботты техника салалары бойынша үздік туындылардың жасалуына көмектесу. Әр аталым бойынша жеңімпаздарға 1 млн теңге сыйақы беріледі. ІІ - ші орынға 500 мың теңге, ІІІ - ші орынға 250 мың теңге. Байқау қорытындысы тәуелсіздік күні қарсаңында шығады. "Жыл сайын халықаралық деңгейде транскорпорациялар түрлі байқаулар ұйымдастырады. Осы байқауда үздік деп танылған жобаларды сол жарыстарға қатыстырамыз. Сонымен қатар инвестор тартуды да көздеп отырмыз" дейді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байменов.