Қырғызстан Республикасы Чу облысындағы «Бурана» сәулет-археологиялық кешеннің аумағында Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған салтанатты шара өтіп жатыр, деп хабарлады Егемен-ақпарат.
«Жүсіп Баласағұн өз заманында халықаралық деңгейдегі ойшыл болған. Оның бірнеше ғасыр бұрын айтылған ойлары бүгін де өзекті. Ол билік өкілдері қоғам мүддесін өзінікінен жоғары қойып, азаматтардың игілігі үшін адал және риясыз қызмет етуі керек екенін атап өтті», - деді салтанатты жиында Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков.
Сондай-ақ ол Жүсіп Баласағұн жазған кітаптар көшпенділердің өркениетін, көркемөнер жетістіктерін сипаттайтынын және ол білімнің қайнар көзі екенін жеткізді. «Құтадғу білік» кітабы - түрік тілінде жазылған алғашқы туынды.
«Көне Баласағұн қаласы, Жүсіп Баласағұнның қызметі, оның Баласағұн қаласында ондаған жылдар бұрын жазылған «Құтадғу білік» кітабы әлемдік мәдениет пен тарихта құны жоғары . «Құтадғу білік» - әрбір адамға пайдасы тиетін ақылды және пайдалы кеңестер жиынтығы», - деді Премьер-министр.
Еске сала кетейік, «ТҮРІКСОЙ» түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымы 2016 жылды «Жүсіп Баласағұн жылы» деп жариялады. Түркі ойшылының 1000 жылдығына арналған шаралар Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан және Қазақстанда өтуде.
• 14 Қазан, 2016
Қырғызстан Баласағұнның 1000 жылдығын атап өтуде

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше