15 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №41

278 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 27 қаңтар, Астана қаласы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдігін тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.». 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Б. Ж. Әбдірайымға жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек ____________________________ 2016 жылғы 28 қаңтар «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев _________________________ 2016 жылғы 1 ақпан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №41 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 1-қосымша «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша; 2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді); жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорация өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады); мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу – көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келіп түскен кезден бастап дереу (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi); егер «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамы субсидиялаған қарыз шарты, «Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Мурабаха, Иджара және Истисна шарттары бойынша мiндеттемелердi орындауды кепiл қамтамасыз еткен жағдайда, жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң туындауын немесе өзгеруiн тiркеу, сондай-ақ ипотека куәлiгiн беру бойынша - өтiнiш көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді); салынған және күрделілігі бірінші санатқа жататын объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі негізінде (ал мемлекеттік нормативтермен белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) жалпы көлемі 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлікке туындаған құқықтарды алғашқы тіркеу кезінде екінші жұмыс күні беріледі. Жылжымайтын мүлік объектісінің күрделілігі санаттары техникалық паспортта көрсетіліеді. Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатылады: 1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша; 2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес; 3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес; 4) егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы; 5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, түсініктемелер алу немесе мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты олардан қажетті ақпарат сұратып алу үшін; 6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген жағдайда олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тоқтатыла тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші орталығы Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), порталдағы көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне және мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны кейіннен беру үшін тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар нотариус куәландырған мәмілелер бойынша БНАЖ-мен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы жүзеге асырады. Электрондық тіркеу кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған жағдайда, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде «жылжымайтын мүлік тіркелімінің» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) автоматты түрде тоқтатыла тұрады. 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. Көрсетілетін қызметті алушының нотариусқа жүгінген кезінен бастап, электрондық тіркеу ЖМТ МД-ның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымды төлеуден босату туралы растау келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi: 1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жүргізілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат, не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру болып табылады. 2) порталға электрондық тіркеу үшін жүгінген кезде құқық белгілеуші құжатты және көрсетілетін қызметті берушінің (құқық иеленушінің) уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тіркеу туралы не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша хабарлама жолдау болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берген жағдайда, тіркеу үшін алымның төленгені туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайталап берген кезде ұсына алады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және қағаз түрінде. Электронды тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші БНАЖ-ға, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайына (бар болған жағдайда) жолдайды. 7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы): 1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексi) 457-бабына сәйкес алым төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 456-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша есептелген сома салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді, тіркеу алымы кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген; 2) электрондық тіркеу көрсетілетін қызметін алуға электрондық сұрау салуды БНАЖ арқылы берген жағдайда, БНАЖ берген сұрау салу нөмірі туралы ақпарат негізінде порталда ЭҮТШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде үш жұмыс күні ішінде төлем жүзеге асырылады; 3) порталда - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік алымды төлеу туралы электрондық түбіртек жолданады. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтер төлемдері тарихында сақталады. 8. Жұмыс кестесі: 1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньға қоюға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау кедергісіз қызмет көрсету арқылы операция залында жүзеге асырылады; 2) БНАЖ арқылы, нотариустардың жұмыс кестесіне сәйкес. 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (жұмыс күні аяқталғаннан кейін жүгіну кезінде, жексенбі және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі (сенімхат бойынша) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай: заңды тұлға үшін уәкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша немесе оның уәкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша; Мемлекеттік корпорацияда: жеке тұлғалар үшін: 1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады); 3) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу кезніде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) беру кезінде құқықтар (талаптарды) беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру шарты ұсынылса); 4) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат немесе алым төлеуден босатуды және жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат. Заңды тұлға үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу кезінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады; Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) беру кезінде құқықтар (талаптарды) беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру шарты ұсынылса). 3) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды және жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат. 4) құрылтай құжаттары; 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесi, акционерлер кеңесi) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер); 6) шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынады. Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық теңгерiмдiк құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлi­меттер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады. Электрондық тіркеу кезінде: 1) нотариус ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғасын сәйкестендіру үшін ұсынылады); 3) нотариус куәландырған, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжаттар – электрондық нысанда электрондық сұрау салуға қоса беріледі; 4) бюджетке тіркеу алымы сомасының төлемі жекелеген жеңілдіктер санатын растайтын және алымдарды төлеуден босататын құжат (бөлек тұратын зейнеткерлер және мемлекеттік тіркеу кезінен үш жыл ішінде кадрларды даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері санаттары үшін) – электрондық сұрау салуға электрондық нысанда қоса беріледі; 5) мәміле қатысушыларының Интернет желісіндегі электрондық мекенжайлары (олар болған жағдайда). Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар туралы, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен наградталған адамдар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен наградталмаған адамдар туралы, мүгедектер туралы, сондай-ақ бала кезінен мүгедек баланың ата-анасының бірі туралы; жетім балалар және он сегіз жасқа толғанға дейін ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар туралы, оралмандар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылатын мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және нотариус «электронды үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесі бойынша тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Мемлекеттік қызметті алған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйеде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді ұсынады. Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, ол кейіннен көрсетілетін кызметті алушыға қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде: Мемлекеттік корпорацияда – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі; электронды тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға нотариус БНАЖ берген сұрау салудың бірегей нөмірі туралы ақпаратты береді. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қолхат негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін: заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариаттық куәландырған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша беріледі. Бюджетке тіркеу алымы сомасын портал арқылы төлеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінбеген кезде, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, кейінен оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң дайын құжаттарды алу үшін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жасайды. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, кейіннен Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді. 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі немесе олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздерінің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі; 2) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбауы; 3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың тіркеуге ұсынылуы; 4) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтардың болуы; 5) заңды күшіне енген сот актісінің болуы; 6) тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың жойылмауы; 7) егер тіркеу объектісі ауысу, өзгеру, тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi 11. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: 1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі. Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымды кабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі; 2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі. Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушіні немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немес қараудан бас тарту туралы жауап). Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 88000807777 біріңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді. 14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде; 2) Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. 15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады. 16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алады. 17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша тіркеу алымдарының ставкалары Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста бол­ған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды: Р/с № Тіркеу әрекеттерінің түрлері Ставкалар (АЕК) 1 2 3 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін: 1. Мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін: 1) пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға 0,5* 2) көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа 8* 3) гараждарға 0,5* 4) мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар): бір объект 10* екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер 15* алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер 20* оннан көп жеке тұрған объектілер 25* 2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін: 1) көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік бас­­қа­ру, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін 1 3. Жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін 0,5* 4. Сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін 0,5 5. Кондоминиум объектісін тіркегені үшін 1 6. Ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін 0,25* 7. Құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін 0,25* 8. Жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін 0,25* 9. Құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін 0,25* 10. Міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін 0,25* 11. Құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін 0,25* 12. Жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін 0,5* 13. Құқықтық талап етуді тіркегені үшін 0,25 14. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салған (туындатқан) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін 0 15. Республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін 0 16. Жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін 0 17. Мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін 0 18. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін 0,25 Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары Р/с № Тіркеу әрекеттерінің түрлері Айлық есептік көрсеткіштердегі ставкалар жеке тұлғалар үшін заңды тұлғалар үшін 1 2 3 4 1. Мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығы пайда болуын тіркегені үшін: 1) пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да осыған ұқсас объектілерімен бірге), шаруашылық құрылыстарға; 5 15 2) көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілерімен бірге), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа; 15 20 3) гараждарға; 4 8 4) мыналарды қамтитын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар): бір объект; 20 30 екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер; 22 32 алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер; 30 40 оннан астам жеке тұрған объектілер. 35 45 2. Жер учаскесіне меншік, жерді пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) тіркегені үшін 5 15 3. Ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін 5 15 4. Құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін 5 15 5. Жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін 5 15 6. Құқығының үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін 5 15 7. Міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қа­рыз шарты бойынша талаптарды басқаға беруді тіркегені үшін 5 15 8. Құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (кұқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін 5 15 9. Жылжымайтын мүлікке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін 5 15 «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысаны ____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы) Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш Тегі, аты, болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.Ә.А)_____________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ЖСН және тұратын жері ________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: түрі___________, сериясы_____________, №_______________________ Берілді____________________________________________________, берілген күні (егер өтініш беруші біреуден артық болса, ақпаратты қайталау) _____________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері) ___________________________________________________________________________ атынан іс-әрекет ететін (уәкілетті өкіл толтырады) _____________________________________________________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың /пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ (керегінің астын сызу) тіркеуді сұраймын (сұраймыз). Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1. Төленгені туралы құжат: түрі_________№_____ сомасы___________теңге; 2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат___________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) 3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер ________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ меншік иесі туралы мәліметте
Соңғы жаңалықтар