Алматыда дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы мәреге жетіп, топжарған ұстаздар марапатталды. Байқауды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту мақсатында жыл сайын өткізіп келеді. Бұл жылғы байқауға көрнекілік жұмыстары екінші іріктеу кезеңінен өткен облыстық білім басқармасы мен дарынды балалармен жұмыс жасайтын аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Конкурстың алғашқы сатысында еліміздің барлық аймақтарынан 309 жоба ұсынылған болатын. Оның ішінде мектеп мұғалімдерінен 65 командалық жұмыс тапсырылған екен. Сараптау комиссиясының шешімі бойынша 171 жоба, оның ішінде 40 командалық жоба қорытынды кезеңге жолдама алған-ды. Қорытынды конкурста әр түрлі бағыт бойынша педагогтар 9 секцияда жұмыс жасады. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының номинациялары бойынша 37 жұмыс жеңімпаз деп танылып, Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломдарымен 12 жоба, ІІ дәрежелі дипломдармен 24 жоба және ІІІ дәрежелі дипломдармен 34 жоба марапатталды. Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05