15 Қазан, 2016

Өзекті мәселелер талқыланды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласында жақында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында жастарға қатысты өзекті мәселелерге байланысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның жұмысына отан­дық және шетелдік ғалым­дар, ғылыми-зерттеу инсти­туттарының, оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында білім беру жүйесі, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мен қолжетімді баспана сынды Қазақстандағы жастар проблемалары  талқы­ланды. Сонымен қатар, жас­тар саясатын дамытудағы басты бағыттарға байланысты бір­қатар маңызды шешімдер қабылданды. Конференция аясын­да «Жастар» ғы­лыми-таным­дық орталығы мен Жастар саясаты және халықаралық қатынастар институты фе­дералдық мемлекеттік білім беру мекемесі – Мәскеу тех­но­логиялық университеті, Қазақстан студенттер альянсы мен Бүкілресейлік студенттер ода­ғы және «Жасыл ел» жас­тар еңбек жасағы мен Ресейлік студенттер жасағы арасында меморандумға қол қойылды. Конференция Білім және ғылым министрлігі, Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­­тық университеті және «Жастар» ғылыми-танымдық орталығымен бірлесіп ұйымдас­тырылды.