15 Қазан, 2016

Студенттері жалақы алатын факультет

304 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
img_2564Химияның жүрмейтін жері, қолданылмайтын саласы жоқ десек те, тәуелсіздік бедерінде ұлттық университеттің химия факультетіне жолымыз түспеген екен. Әрине, бұл – химия ғылым­дары туралы жазылмады, аталмыш сала ғалымдары жайлы сөз қозғалмады деген сөз емес. Қысқасы, осы аптада әл-Фараби атын­дағы Қазақ Ұлттық универ­си­теті­нің химия факультетіне келдік. Бізді аталмыш факультетке тартқан бірнеше себеп бар еді. Бірін­шіден, Кеңес өкіметі кезінде «КазГУ-дегі» химия факультеті бүкіл Одақ бо­йын­ша үздік үш факультеттің бірі бол­ды. Бізді факультетте химия ғылым­дары­­ның кандидаты, доцент Раушан Әбді­­қалықова қарсы алды. Жарты ға­сыр­­ға жуық осы факультетте еңбек етіп, ег­е­­мендіктің елең-алаңындағы күр­­делі кезеңдерде де ғылыми жұмы­сын тас­­та­май, оқытушылығын да жал­ғас­­­тырып, қазақ тіліндегі оқу құрал­дары­­­ның жазылуына бір кісідей еңбек сіңір­­ген Раушан Асығатқызының айтары көп. Тоғыз жыл бойы химия факультеті­нің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша деканы орынбасары қызметін ат­қар­ған Раушан Асығатқызы бұл сала­ның бүкіл мәселесін бүге-шігесіне дейін біледі екен. Ұжымды ұйытып отыр­ған бұл кісіні оқыту­шылардың сыйлай­тыны, сту­дент­тердің жақсы көретіні байқалады. – Біз бір кездегі ең мықты химия факультеті деген атымызды сақтап қала алдық. Қазір замана талабы өзгер­ді. Нарықтық экономика химия саласына да үлкен өзгерістер әкелді.  Бұрын химия ғылымдарының 13 бағыты бойынша дәріс жүретін. Ықшамдау, қайта құрылымдау жүргеннен кейін бүгінде факультетте негізгі төрт бағыт бойынша білім беріледі. Олар – химия, органикалық заттардың химиялық технологиясы, бейорганикалық зат­тар­дың химиялық технологиясы, мұнай химиясы. Соңғы 15 жылда жарылғыш заттар тех­нологиясы да оқытылады. Мұнан бөлек мемлекет тапсырысымен халық­аралық, эконо­микалық және кри­мина­листикалық сарап­тама бойынша бірқатар маман­дар даяр­ланды, – дейді Раушан Асығатқызы. Осы жылдар ішінде Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен мемлекеттік химия мамандары­ның классификаторы құрастырылған бол­са, бұл жерде де факультеттің үлесі жоға­ры. Қазір бүкіл республика бойынша химия­ мамандарының 80 пайызы осы ҚазҰУ түлектері. Ол түлектердің ең үздік­тері факультетте қалдырылып, ғылы­ми зерттеулермен, оқытушылық қызметпен айналыса алады. – Біздің факультет те 1994-1995 жылдары күрделі кезеңді бастан өткер­ді. Бірақ, профессорлық-оқыту­шы­лық құрам айлап жалақы алмаса да жұмыс­тарын тастаған жоқ. Сол қиын уақыт­тың өзінде студенттер қабыл­дап, факультеттің ішкі оң ахуалын, ұжым­дық сапаны сақтап қала алдық. Қазір жыл сайын факультетке 300-ден астам студент қабылданады. Факуль­тет­те ма­гистратура, бакалавр сияқты академия­лық білім сатылары бойынша 2 мыңға жуық студент оқиды,  – дейді доцент. Раушан Асығатқызы факуль­теттің күшімен қазақ тілінде даярланған оқу­лықтардың, құрал-жабдықтар­дың са­па­сымен мақтанатындықтарын айта­ды. Факультетте қазақ тіліндегі хи­мия­лық терминологиялық сөздік жасақталған. 2010 жылдан бері факультеттің ор­га­никалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлердің химиясы мен тех­нологиясы кафедрасының доцен­ті қызметін атқаратын Раушан Асы­ғат­қызы қазақ бөлімінде оқитын сту­дент­­тердің дайындығы мен білім дәре­жесіне ерекше тоқталып өтті. – Мамандарды үш тілде даярлау, бала­ларға үш тілде білім беру соңғы жыл­­дары көтеріліп жүр. Ал біздің фа­культет­тің студенттері баяғы­­­дан-ақ үш тілді. Қазақ бөлімінің бала­лары қазақ, орыс, ағылшын тіліне де жүй­рік. Біздің факультетте шетелден кел­ген ғалым­дармен кездесулер жиі өтіп тұра­ды. Сол кезде қазақ бөлімінің бала­­­­лары мамандықтарына қатысты сауал­­­дарын ағылшын тілінде сұрап, олар­дың айт­қандарын түсініп отыра­ды. Жақсы оқитын, шет тілдерін мең­г­е­рген балалар студенттер алма­су бағ­­дарламалары бойынша Ресей уни­­­вер­­ситеттерінде, АҚШ, Ұлыбри­та­ния, Оңтүстік Кореяда білім алу­да. Шетел­­дерде тәжірибе алмасу оқыту­шы­лар арасында да қарастырылған, – дейді. Раушан Асығатқызы әңгіме бары­­сын­да: «Біздің жоғары курстың сту­денттері факультеттен жалақы алады» деп қалды. Бұл жайтты қызығушылық­пен қаузап сұрағанымызда факультет ғалымдары түрлі ғылыми жобаларды жеңіп алатынын, оның ішінде отан­дық, халықаралық жобалар да бар екен­дігін атады. Сол қаржылық гранттарға химия­лық құрал-жабдықтар сатып алы­нып, лабораториялық зерттеулерге жоғары курстың студенттері тартылады екен. Мемлекет тапсырысымен жүргізі­летін ғылыми жобаларда студенттер жар­ты ставкамен лаборант болып жұ­мыс істей алады. Ғылымға араласады. «Жоғары молекулалық қосы­лыс­тар» пәні бойынша көптеген оқу­лық­тардың авторы Раушан Асы­ғат­қызы: «Біздің кафедрада био­меди­цинада қолданылатын полимерлер негізіндегі дәрі-дәрмектер, гельдер жасау жобасы жүріп жатыр» – дейді. Осылайша білікті ұстаз Раушан Асы­ғат­қызы өзі қызмет атқаратын факуль­теттің жеткен табыстары туралы ой­ла­рымен ақжарыла бөлісті. Және бұ­ның барлығы әншейін қағаз жүзіндегі емес, факультет қызметкерлерінің бір­лесе күш-жігері арқа­сында іске асып жат­қан жетістіктер екендігін баса аңғартты. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ