15 Қазан, 2016

Айыппұл түбіртегін айналымға шығарыпты

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысы бойынша мем­лекеттік кіріс қызметкер­лерінің жедел-іздестіру шаралары барысында жол жүру ережесін бұзғаны үшін пайдаланылатын түбіртектерді қолдан жасап, сауда айналымына шығарған қылмыстық топ құрықталды. Тергеу-жедел тобы іс-шара барысында мұндай оқиғаның 56 рет көрініс бергенін анықтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. Аталған түбіртектер графи­ка­лық редактор бағдарламасын пайдалана отырып, компьютерде дайындалған. Оның электрон­дық нұсқасы көпсалалы принтерде басылып шығарылып­ты. Қыл­мыскерлер бұл іспен жал­дамалы бірнеше пәтерде а­йналысқан. Департаменттің эко­номикалық қылмыспен күрес қызметкерлері осы топтың мү­шесі М-ны сауданы қыздырып жатқан жерінен ұстаған. Тінту барысында дайын түбіртектер мен ұйымдастыру техникасы тәркіленді. Анықталған қылмыстық әре­кет­тердің салдарынан мемлекет бюджетіне 1 миллион 358 мың 238 теңгенің әкімшілік айыппұлы түспей қалған. Сот үкімімен қылмыс­тық топ­тың мүшелері ҚК 385-бабы­ның 2-бөліміне сәйкес айыпты деп танылды. Сондай-ақ, жеңіл «көмекке» жүгініп, әлгі түбір­тек­терді пайдаланған кісілер­дің үстінен де қылмыстық іс қоз­ғалды. Қазіргі күні сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан»  Ақмола облысы