Қазақ режиссері Елзат Ескендірдің "Өліара" ("Off-season") фильмі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен дәстүрлі кинофестивальде үздік қысқаметражды фильм деп танылды.
Busan International Film Festival (BIFF) - Азия киноиндустриясында ғана емес, әлемде шоқтығы биік кинобайқау. BIFF кинофестивалінде еліміздің жас киногері Елзат Ескендірдің "Өліара" ("Off-season") қысқаметражды фильмі Sonje Award аталымында үздік картина деп танылды. Сондай-ақ режиссер 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алды.
21 жылдық тариxы бар Халықаралық Пусан кинофестивалінде World Premiere-сы (әлемдік премьерасы) өткен "Өліара" фильмінің қоюшы режиссеры Елзат Ескендір - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, Ираклий Квирикадзе шеберханасында тәлім алған жас киногер.
Сценарий авторлары - Елзат Ескендір және Өміржан Әбдіхалықұлы. Басты рольдерде - белгілі актерлер Асылболат Смағұлов, Баян Қажынәбиева, Дулыға Ақмолда және баланың рөлін Мақсат Әбдірахман ойнады.
Елзат Ескендірдің марапатталып жатқан сәтін Фейсбук әлеуметтік желісінде якутиялық SREDA Студиясының қоюшы операторы Иван Семенов құттықтап, осы сәтті мәңгі есте сақтайтынын айтты.

Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35