17 Қазан, 2016

Қанат Ислам-Патрик Аллотей жекпе-жегі «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
fyvp Бокссүйер қауым қазанның 29-ы күні «Алматы арена» сарайында өтетін бокс кешін тікелей эфир арқылы «Қазақстан» Ұлттық арнасының эфирінен тамашалай алады, деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Аталмыш кештің басты кездесуі - қазақстандық Қанат Ислам мен Патриок Аллотей арасында өтеді. Қарсыластар WBA Fedelatin атағы мен WBO Intercontinental дәрежесіндегі чемпиондық белбеу үшін бақ сынасады. Көрермендер осы кештегі барлық кездесулерді сағат 18-00-ден бастап тамашалай алады. Айта кетейік, жақында ғана Қанат Ислам Алматыда ашық жаттығу өткізді. «Өз Отанымды мұндай кездесу өткізу мен үшін мәртебе. Менің қарсыласым осал адам емес. Ол өзі өткізген 36 кездесудің 28-ін нокаутпен жеңген. Мен жанкүйерлерімнің қолдау көрсететініне сенемін»,-деді Қанат сұбаттарының бірінде. Бұл кеште көрермендер әлем чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы, Рио-де Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлының кездесуін де тамашалайды. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін колумбиялық Милтон Нуньеске қарсы өткізеді. Сондай-ақ осы күні бокссүйер қауым қазақстандық танымал боксшылар Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шарибаев пен Айдос Ербосынұлының да жекпе-жектерін тамашалайды.
Соңғы жаңалықтар