18 Қазан, 2016

Бельгиялықтар онкология орталығын салады

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2626_okoОңтүстікке инвестиция салып, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға ниетті мемлекеттер көбейіп келеді. Солардың бірі – бельгиялық «Willemen Groep NV» компаниясы. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тұрғын үй мен ғимараттар және автожолдар, медициналық нысандар салуға маманданған ірі компанияның президенті Иохан Виллемен және өкілдерімен кездесіп, екі жаққа да пайда әкелетін мәселелер жөнінде кеңесті. Соңғы жылдары облыста он­ко­логиялық аурулар жасарып кет­ті. Соның салдарынан өлім-жі­тімнің көбейіп кеткен жағдайы ба­р. Кеңесте Шымкент қаласынан инвес­тициялық құны 250 млн еуро болатын 350 орындық онкология орталығын салу жөнінде келісімге қол қойылды. Бүгінде Шымкент пен Сарыағаш, Ташкент бағытында жақсы жол салынып жатыр. Ал Оңтүстіктің ең халқы көп ауданы әрі үш жағында Өзбекстанмен шектесіп жатқан Мақтааралды облыс орталығымен байланыстыратын жолдың сапасы сын көтермейді. Трасса тар болған­дықтан, жол апаттары да жиі орын алып, адам өліміне соқтырып жатады. Бельгиялық компания осы бағыт­тағы магистральды салуға ниетті екендігін танытты. Соңғы жылдары Шымкент әуежайы маңында тұр­ғын үйлер көбірек салынып кетті. Облыстың бұрынғы басшысы әуежайды басқа жерге көшіру жө­нінде бастама көтерген болатын. Бүгін­гідей әлемдік дағдарыс кезінде ол – өте қымбат жоба. Облыстың жаңа басшысы әзірге Шымкент әуежайы терминалын жаңғырту жайын­да келісімге келді. Өзара ынтымақтастық жағдайда өткен басқосудан соң облыс басшысы осы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жұмыс тобының құрылатындығын айтты. Оңтүстіктің дәрігерлері бүгінде бүйрек, бауыр трансплантациясын жасауда Алматы, Астанадан кейінгі орында тұр. Тұрғындар үшін қауіпті дерт – қатерлі ісіктің алдын алу әрі дер кезінде анықтап емделу аса ма­ңызды болатын. Жаңадан салынатын онкологиялық орталық осы күрделі мәселені реттейді. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы