18 Қазан, 2016

Берекелі байланыс

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kosherbaev-kokrekbaev-1Өңірлер арасында кәсіби біліктілік пен тәжірибе алмасу үшін  Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған арнайы делегация Қызылорда облысына барып қайтты. Жыр алыбы Жамбыл жәкемнің жұртынан барған делегация Сыр елінде  ауылшаруашылық, өнеркәсіп, мәдениет салаларына байланысты бірнеше мемо­рандумға қол қойып, екіжақты барыс-келісті, алыс-берісті нығайтты. Осы сапар барысында әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы тұрақтандыру қорлары бірлесе жұмыс атқармаққа келісті. Сөйтіп, жамбылдықтар 100 мың тонна күріш сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды. – Бізде күріш өнімдеріне деген сұраныс жоғары.  Сондай-ақ, Тараз қаласында тұ­рақтандыру қорының арнайы дүкендері жұмыс істейді. Онда әлеуметтік маңызды азық-түлік төмен бағамен сатылады.  Біз сатып алған өнімдерімізді  жәрмеңкелерде  саудалаймыз. Бұл екі тарапқа да тиімді болады, – дейді «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық корпорациясы» АҚ  директоры Шамсат Исабеков. Ал Қызылорда облысының Әулиеата өңірінен қант сатып алуға мүмкіндігі бар. Өйт­кені, аймақта 2 бірдей қант зауыты жұ­мыс істейді. Кәсіпорындарды шикізатпен қам­тамасыз ету үшін  шаруалар биыл көк­темде 6 мың гектар жерге қызылша еккен бо­латын.  Осы қазан айынан бастап өңірде қант қы­зылшасын жинау науқаны басталып та кетті. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар