18 Қазан, 2016

Мажарстан делегациясымен кездесті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09-08-darigaПарламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Мажарстан Сыртқы экономика және сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Жолт Чуторамен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Жүздесушілер Қазақстан мен Ма­жарстан қатынастарының стра­тегиялық сипатын атап өтті. Сенатор өткен жылғы желтоқ­санның аяғында Қазақстан мен Еу­роодақ арасында Кеңейтілген әріп­тестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойыл­ғанына назар аударды. «Біз Ма­жарстанның Мемлекеттік жиналысымен қоса, Еуропалық одаққа мүше барлық мемлекеттердің ұлттық парламенттері Келісімді тезірек ратификациялайтынына сенім артып отырмыз»,– деді Д.Назарбаева. Сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық туралы айта келіп, тараптар екіжақты тауар айналымын арттыру қажеттігін атап өтті. Сенаттағы Мажарстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтың жетекшісі Д.Назарбаева екі ел арасындағы туристік сапарларды жиілетудің маңыздылығына тоқ­талды. Сенатор Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі ая­сында мажарлық саяхатшыларды Қа­зақстанға келуге, сондай-ақ ма­жар­лық инвесторларды Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында өндіріс ұйымдастыруға шақырды. Ж.Чутора Д.Назарбаеваға бірлескен инфрақұрылымдық және білім беру жобалары туралы хабардар етті. Ол Мажарстан 200-ге жуық қазақстандық студентті, оның ішінде, аграрлық сала мамандықтары бойынша тегін оқытуды жоспарлап отырғанын айтты.