18 Қазан, 2016

«Ақ бұлақ» бағдарламасына барлығы 396,8 млрд теңге бөлінген

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
yp «Ақ бұлақ» бағдарламасы іске асырыла бастаған 2011 жылдан бері елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 396,8 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді деп хабарлайды egemen.kz тілшісі. 2011-2015 жылдар аралығында орталық су жүйесімен қамту қалаларда 5 %-ға (82%-дан 87%-ға дейін), ауылдарда 9%-ға (42,5%-дан 51,5%-ға дейін) өсті. Орталық су бұру жүйесі қалаларда 8%-ға(73%-дан 82%-ға дейін), ауылдарда 2,2%-ға (8,8%-дан 11%-ға дейін) ұлғайды. Су құбырларының тозуы 6,1%-ға (67,9%-дан 61,8%-ға дейін), су бұру желілері 5,9%-ға (66,1-дан 60,2%-ға дейін) төмендеген. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 396,8 млрд. теңге бөлінді. Қала мен ауылдарда сумен қамту және су бұру саласында 1493 жоба іске асырылған. Биыл «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту бағдарламалары арқылы 75 жобаны іске асыру үшін 62,1 млрд. теңге бөлінді, 2017 жылға 157 жобаны іске асыру үшін 53,0 млрд. теңге көзделіп отыр, деді министр