18 Қазан, 2016

Ақтөбеде 5 маусымдағы теракт бойынша сот отырысы басталды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ykpy Ақтөбеде 5 маусымдағы терактіге байланысты іс бойынша сот отырысы басталды. Айыпталушылардың орнында - 29 адам. Сот отырысы  Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Оған сот төрағасы Нұрлан Сұлтанов төрағалық етуде. Бұл туралы ҚазАқпаратқа облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова хабарлады. Сотталушылар орнында - 29 адам. Олардың тоғызына бірқатар айып, соның ішінде террористік актіге қатысу айыбы тағылды. Сонымен қатар, 18 адам қылмысқа деген дайындық туралы айтпағаны үшін, ал екеуі қылмысты жасырғаны үшін сотталып жатыр. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласында лаңкестік орын алды. Іс бойынша 215 сараптама жүргізілді. 101 адам жапа шекті. Оқиға орнында түсірілген видеожазбалардан мәліметтер банкі құрылды.
Соңғы жаңалықтар