19 Қазан, 2016

Үздіксіз ізденіс үстіндеміз

482 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
bilim-beru-isinde-turli-tekhnologiyalaБілім беру – қашанда  өзектілігі ортаймай, уақыт өткен сайын дамып, дағдылана түсетін күрделі мәселе. Біздің өмір сүріп жатқан дәуіріміз – білім мен ғылымның дәуірі. Білім беру ісінде түрлі технологиялар мен жаңғырту бағдарламалары күн өткен сайын заманауи түрге ие болуда. Бүгінгі таңда біздің елімізде жастардың таңдаған мамандығы бойынша білім алып, қалаған салада еңбек етуіне мол мүмкіндіктері бар. Жастардың бойында білім алуға деген құштарлығын оятып, білім нәрімен сусындатып келе жатқан оқу орындарының бірі – 33 жыл тарихы бар Маңғыстау гуманитарлық колледжі. Маңғыстау гуманитарлық колледжі өз қызметін уақыт­пен үндес жүргізіп келеді деуімізге болады. Колледж – об­лыстық білім басқармасымен тығыз байланыс орната оты­рып, техникалық және кәсіптік білім беру бағ­дарла­масына сәйкес орта буын деңгейіндегі мамандарды даяр­лайтын білім ошағы. Оқу ордасында бастауыш білім беру, шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі, дене тәрбиесі және спорт, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру маман­дықтары бойынша 930 студент білім алуда. Еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, бәсекеге қабілетті маман буы­нын қалыптастыруды мақсат тұтқан, М.Өтебаев бас­қа­ра­тын колледж ұжымының жеткен жетістіктері де аз емес. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ешпанова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Сар­малаева, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөнін­дегі орынбасары К.Нұрмұхамбетова, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Қайболдиева өз қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Ортақ мақсат, бір мүдде жолындағы үлкен ұжымның табыстарында оқу орнының барлық оқытушыларының да қосып отырған үлестері бар. Жеке тұлғаның дамуына ықпал етіп, өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық бола білу үшін саналы тәрбие беруді өз міндеттері деп санайтын 70 оқытушы бүгінгі таңда колледж оқушыларына білім беруде. Оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында шығармашылық сабақтар, тәжірибе алмасу бағытында семинар-практикумдар да үнемі өткізіліп тұрады.Колледж интернет желісіне қосылған интерактивті тақтамен жұмыс істейді. Электронды оқыту, бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әртүрлі комбинациялары енгізіліп қолданылуда. Колледж студенттері машықтану барысында өздерінің алған білімдерін практика уақытында ұштастырып, түрлі тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастыру арқылы білімдерін арттыруда. Ұстаз – ұлағатты мамандық. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Махаббат ШАДЫМҰРАТОВА, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ақтау