19 Қазан, 2016

Сафар Шәкеев туралы фильм жарыққа шықты

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Композитор Еркеш Шәкеев өзінің қайтыс болған ұлы Сафар жайлы түсірілген «Встретимся на небесах» фильмін ұсынды. «Бүгін ұлым жайлы түсірілген фильмді аяқтадық. Енді оны Сафардың достарына, отбасымның достарына ұсынып отырмын. Мен жарқын, жайдарлы жандар жайлы, өзімнің үлкен ұлым жайлы үнемі айтатын боламын», - деп жазған Еркеш Шәкеев Facebook желісіндегі парақшасында. Сондай-ақ, композитор әлеуметтік желідегі жазбасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге алғыс білдірді. Оның айтуынша, Сафар Головкинды жақсы көретін. «Головкин-Келл Брук кездесуінде болдым. Сол кездесуге мені шақырған Эдуард Кимге алғыс айтамын. Барғаныма өкінген жоқпын. Рақмет сағат, GGG. Сафар сені жақсы көретін, Сені нағыз ер адам деп санайтын. Сенің көрсетіп жүрген қажыр-қайратын біз үшін маңызды. Сәттілік саған, Геннадий Головкин!», - деп жазды композитор. Еркеш Шәкеевтің айтуынша, Сафар жайлы фильмде оның ұлының Геннадий Головкинмен, Серік Елеуовпен және Бақтияр Артаевпен танысқан сәттері түсірілген. Айта кетейік, фильмді түсіруге ҚР Каратэ федерациясының президенті Жасталап Санауов, досы Ғалымжан Жалаири, Сафардың сынып жетекшісі  Алла Ярмухомедова, Шәкеевтердің досы Эдуард Ким,  Ерболат Тогызақов пен басқа әртістер қатысты. Айта кетейік, Сафарды еске алу кешіне эстарада жұлдыздары: Жұлдыз, Кентал, Ситора мен Парвиз Назаровтар, Толқын Забирова және Эрик Тастамбеков өзінің достарымен бірге келген. Олардың барлығы Сафар Шәкеевтің отбасына қолдау көрсетіп отырды. «Біздің досымыз Дана Орманбаева бізге арнайы аспаптар мен техникалық қызметшілерді ұсынды. Америкадан Сафардың бес досы мен ұлымның мектептегі үш мұғалімі келді. (...)», - деп жазды композитор. «Міне, құрметті қонақтар, барлығымыз жиналып, рухани кеш өткіздік. Осындай қиын сәтте қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын! Барлықтарыңызға рақмет! Мен сіздерді жақсы көремі, барлықтарыңызға тек жақсылық тілеймін», - деп жазды соңында Еркеш Шәкеев.