Қарағанды облысындағы Шет ауданына қарасты Ақжал ауылындағы көпқабатты үйлердің бірі құлағалы тұр. Қазіргі уақытта мұнда тұрып жатқан 303 адам басқа жаққа көшірілген. «Сақтықта қорлық жоқ» деген, үйдің айналасы қоршалып, күзет те қойылыпты.
Ақауы бар бұл үй 1980 жылы салынған екен. Биылғы жылдың 6 қыркүйегінде Шет ауданы әкімінің қаулысымен ведомствоаралық комиссия құрылып, үйдің апатты жағдайда тұрғаны анықталыпты. Ал бір аптадан кейін үйге қатысты төтенше жағдай жарияланған. Сол күннен бастап аудан әкімшілігі тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, ақаулы үйдегі 69 пәтердің 288 тұрғынын басқа жаққа көшірген. Олардың бір бөлігі (15 отбасы) бұрынғы дәрігерлік амбулаторияға қоныстандырылыпты.
Апаттың алдын алу үшін үйдің қабырғаларындағы жарықшақтарды бекітіп, жертөлесін судан тазартып, құрғату керек. Сондай-ақ шатыр да тозып кеткен: күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Басқа да майда-шүйде жұмыстары жетерлік.
Өкінішке қарай, үйдің құлағалы тұрғаны туралы ескертулерді елемеген төрт пәтердің 15-ке тарта тұрғыны мекендерін босатқылары келмей отыр. Бүгінгі күнде бұл адамдарға уақытша баспана беру мәселесі талқылану үстінде. Жергілікті билік өкілдері апатты жағдайда тұрған үйді әлі су мен жылудан ажыратқан жоқ.
Қарағанды облысының басшылығы қазіргі уақытта Ақжалдағы апатты үйді қалпына келтірудің жолдарын қарастыруда. Ал сметалық құжаттарға сәйкес, жөндеу жұмыстарына аз да емес, көп те емес, шамамен 100 миллион теңге қаражат қажет екен.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ, Қарағанды облысы,
• 19 Қазан, 2016
Қарағанды облысында 15 тұрғын құлағалы тұрған үйден көшпей отыр

Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 10:44
«Алтыналмас» акциялары AIX биржасында саудаға шықты
Экономика • Бүгін, 10:37
Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Тұлға • Бүгін, 10:32
18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды
Қоғам • Бүгін, 10:27
ЕҰУ жастары «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік көрсетті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 10:20
АҚШ-тың Луизиана штатында болған атыстан 8 бала көз жұмды
Әлем • Бүгін, 10:15
Полиция нұсқауын орындаған жүргізушіге 21 мың теңге айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 10:08
Жетібай балабақшасындағы оқиға: Полиция мән-жайды түсіндірді
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:24
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше