19 Қазан, 2016

Алматыда пәтерлерді жалға алу арзандады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Алматы арендалық тұрғын үй нарығында бір бөлмеліден басқасының жалдау құны төмендеді, деп жазды kn.kzсараптамалық қызметі.

2016 жылдың 10 және 16 қазан аралығында жалдау ставкасы  айына 136 000 тг (бір апта ішінде -13,4%) деңгейінде сақталды. Қалада бір шаршы метр аумақ арендасының орташа құны 2205 тг/шаршы м құрады.

Негізінен 3 бөлмелі пәтерлерді жалға беру бағасы арзандап отыр. Осылайша, 3 бөлмелі пәтерлерді жалға беру құны 22,67% (184 000 тг), 2 бөлмелі пәтерлердікі 14,52% (127 000 тг), 5 бөлмелі пәтерлердікі 8,35% (566 000 тг) және 4 бөлмелі пәтерлердікі 2,49% (353 000 тг) төмендеді.

Сондай-ақ бір бөлмелі пәтерлердің арендасы 5,86% (78 000 тг) қымбаттағаны белгілі болды.

Сонымен қатар Алматыда «қымбат» пәтерлерді жалға алу құны айына 220 000 тг құрайды. «Арзан» баспана үшін орташа алғанда айына 81 000 тг сұрайды.