19 Қазан, 2016

Олимпиада чемпиондары Шуда спорт кешенін ашты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында Қазақстан бокс федерациясы жаңа «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ашылу рәсімін ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚБФ вице-президенті Юрий Цхай және федерацияның басқа да өкілдері өткізді. Шараға құрметті қонақ ретінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев шақыртылды. Шу тұрғындары Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусіновты қарсы алды. «Тарлан» кешені ҚБФ қаражатына салынды. Бұл ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев бастамашылық еткен өңірлердің спорттық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары аясында салынған төртінші кешен. Мұндай кешендер Семейде, Қызылордада, Түркістанда сәтті жұмыс істеуде.