24 Қазан, 2016

ЕЭК-те ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау есебінің жаңа әдістемесі бекітілді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өзара саудасына кері әсер ететін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау есебінің жаңа әдістемесін мақұлдады. Халықаралық тәжірибе негізінде  әзірленген  әдістеме ортақ аграрлық нарықта ЕАЭО тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық бәсекелестігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Бекітілген  құжаттар мүше елдердің ауыл шаруашылығын міндетті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өзара саудасына кері әсер ететін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды одан әрі нақтылай түсуге бағытталған», – делінген хабарламада. Әдістеменің қабылдануы Одақты ауыл шаруашылығына  қолдаудың  бірыңғай көлемі мен деңгейін қамтамасыз етеді. Өтініштердің пішіні Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында қолданылатын құжаттарға ұқсас болып келеді.