Беларусь елінде Ұлттық жиналыстың депутаттық тобы қалыптасуда. Ол Беларусь пен Қазақстанның ынтымақтастығын реттейтін болады. Бұл туралы Қазақстанның Беларусьтағы елішісі Ерғали Бөлегеновпен кездесуінде Алтыншы шақырылымның қайта сайланған Ұлттық жиналысының палата төрағасы Владимир Андрейченко мәлімдеді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылап, парламентаралық ынтымақтастықты қарастырды. Екі елдің одан әрі ынтымақтастығын халықаралық алаңдарда нығайту маңыздылығы аталып өтті. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ мүмкіндіктерін дағдарысқа дейінгі сауда-экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіруде қолдануды талқылады. Елші атап өткендей, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі ретінде Қазақстан 2017-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жұмыс жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл орайда БҰҰ-дағы екі елдің үйлестіру мүмкіндіктері туралы, оның ішінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігін атап өтті. Е.Бөлегенов Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қатысты шаралар мен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу барысы және қысқы Универсиадаға дайындық туралы айтып берді. Беларусь Парламентінің төменгі палата спикері өз кезегінде қазіргі таңда Ұлттық жиналыстың депутаттық тобы қалыптасып жатқанын, ол Беларусь пен Қазақстанның ынтымақтастығын реттейтінін айтты. Кездесу аясында әңгімелесушілерге ҚР Парламенті Сенатының спикері Қ.Тоқаев пен Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қайта сайлануға қатысты құттықтаулары табысталды.