24 Қазан, 2016

Елбасы Сауд Арабиясы басшылығымен кездесулер өткізеді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. Сапар аясында Корольдіктің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар жетекшілерімен бірқатар кездесу өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен, тақ мұрагері, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф Әл Саудпен, тақ мұрагерінің ізбасары, премьер-министрдің екінші орынбасары, Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманмен, сондай-ақ Ислам даму банкінің жаңадан тағайындалған президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездеседі.