24 Қазан, 2016

Қазақстан уран өндірісіндегі тәжірибесін Сауд Арабиясымен бөлісуге әзір

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Сауд Арабиясы Корольдігі  Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. «Біз Сауд Арабиясы тарапын Қазақстанның мұнай саласына инвестиция құюға шақырдық. Сондай-ақ, атом бағытындағы ынтымақтастық мәселесін қарастырдық. Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшы ел екені белгілі. Біздің бұл салада жинаған тәжірибеміз баршылық. Енді соны Сауд Арабиясындағы әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз», – деді Қ.Бозымбаев кездесуден кейін журналистерге. Министрдің айтуынша, екі жақ кездесуде баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша ортақ мәмілеге келген. Соның ішінде қос тараптың осы саладағы жұмыстарын үйлестіріп отыруға уағдаласқан.  «Жалпы, энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы кең ауқымды құжатқа қол қою межесіне де жетеміз деп ойлаймын», – дейді Қ.Бозымбаев. Жолдыбай Базар, "Егемен Қазақстан".