26 Қазан, 2016

«Altai Invest-2016»

236 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін
mandayШетелдік инвесторлар Шығыс өңіріне қанша қаржы құймақ? Өскеменде биыл екінші мәрте ұйымдастырылған «Altai Invest-2016» халықаралық форумына 14 елден 300-ден астам инвестор қатысты. Олардың ішінде Түркия, АҚШ, Қытай, Канада, Италия, Испания, Болгария, Ауғанстан, Словакия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Тәжікстан және Чехия сынды мемлекеттердің дипломаттық корпустары мен қаржы институттарының өкілдері және әлеуетті инвесторлары бар. Форумда Шығыс Қазақстан өңірі экономикасының түрлі саласы бойынша жалпы құны 927 миллиард теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаның тұсауы кесілді. Шетелдік инвесторларға агро­өнеркәсіп кешені, өнеркәсіп, энергетика, туризм салалары бойынша ауқымды жобалар ұсынылды. Сондай-ақ, көлемі 278 гектар болатын аумақта туризмді дамытуға арналған даму келешегі зор 46 орын көрсетілді. Бұл жобалардың бар­лығы жүзеге асырылса, 10 мың­нан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бағ­дарлама аясында алдымен өңір кәсіп­кер­лері өнімдерінің көрмесі мен жоба­лардың тұсаукесері өтті. Жек­пе-жек сарайындағы таныстырылым алаңында меймандар Шығыс өңі­рінің брендіне айналған тауар түрлерімен танысты. «АС» балық өңдеу кәсіпорнының жетекшісі Александр Суховерховтің айтуынша, көрме өз өніміңді жарнамалаумен бірге, өзге елдердің өкілдерімен тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыс орнатуға таптырмас мүм­­кіндік сыйлайды. Шетелдік қо­­нақтар шығысқазақстандық тау­а­р өндірушілердің өнімдеріне қы­зы­­ғушылық танытты. Әсіресе, «Роза» ЖШС, «Мелисса» ЖШС сөре­­­лері­нің маңында жұрт жиналып қалды. Облыс әкімі Даниал Ахметов форум аясында тұсауы кесілген тың жобаларға тоқталды. Әсіресе, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысына ерекше назар аударып, Еуропа қайта құру және даму банкінің жетекшісі Джанет Хэкманға қымбатқа түссе де шы­ғысқазақстандықтар үшін аса қа­жет құрылыс бюджеттен қо­сымша қаржыландырылатынын жеткізді. – Иә, біздің Шығыс өңіріне қызы­ғушылығымыз орасан. Бұқ­тыр­ма көпірі – ірі жоба. Біз оны жүзе­ге асыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен бірге, Өскемен қаласы үшін қоғамдық көлікті жаңарту жобасының өзекті екенін де білеміз, – деді Дж.Хэкман. Мұндай ауқымдағы форумды елордада емес, өңірде өткізудің өзін­дік ерекшелігі бар. Өйткені, инвес­тициялық тартымды жоба­лар облысты жаңа деңгейге көте­реді. Бүгінде сарапшылар әлемдік эконо­миканың жаһандық сипат алып бара жатқанын айтуда. Сондықтан, форумды өңірде өткізу шетелдік инвес­торлардың қазақстандық қоғамға дендей енуіне мүмкіндік береді. Әлемдік дағдарыс барлық мемлекеттерге, оның ішінде елімізге де сал­қынын тигізді. Осындай қилы кезеңде Қазақстанға экономикалық өсімді сақтап қалу оңай емес. Бұл ретте Шығыс Қазақстан республика қазынасына елеулі септігін тигі­зіп отыр. Дегенмен, өндірісі өрге басқан өңір биік әрі шикізаттық емес жобаларды жүзеге асыру үшін қар­жы­ландырудың жаңа көздерін іздес­тіруде. Форумның Тәуелсіздіктің 25 жыл­­дығы қарсаңында ұйымдасты­рылғанын жеткізген облыс әкімі Даниал Ахметов Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың саясатының нәти­жесінде Қазақстанда шетелдік инвесторлардың құқығын қорғауға, тұрақтылыққа және әділдікке ке­пілдік беріліп отырғанын, яғ­ни ин­вес­тициялық климатты жақ­сартуға бағытталған өзара тиімді саясаттың айрықша мүмкіндік екенін атап өтті. Жаңа идеялар, инновациялар мен инвестицияларға жол ашатын, заманауи экономика құруға бағыттайтын бұл форумның облысымыз үшін маңызы зор. Біз барлық инвесторлармен бірге өзара іс-қимылға көшуге әзір екенімізді ай­тамыз әрі тиімді әріптестікке ша­қы­рамыз, деді форум жұмысын аш­қан өңір басшысы Даниал Ах­ме­тов. Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышев бүгінде Қазақстанға қаржы құюдың тиімді және пайдалы екенін атап өтті. Еуразиялық одақ елдері арасында инвестиция тарту бойын­ша көш бастадық. Соңғы 9 ай­дың ішінде экономикаға шет ел­дер­ден 9 миллиард теңге салынды. Сондай-ақ, валюталық шектеу саясаты барлық тәуекелдерді төмендетті. Қазір біз қор нарығын қайта жүктеудеміз. Бұл – еліміз үшін жаңа механизм. Көптеген өнді­рушілердің тілегін ескере отырып, қор биржасын жетілдірудеміз. Қазақстандық өнеркәсіпке құнды қағаз­дарды сатып алу арқылы ақша құюға болады. Оған қатысушылар жыл санап көбейе түсуде, деді Д.Ақы­шев. Бүгінде Шыңжан-Ұйғыр ав­тоно­­миялық ауданы мен Шығыс өңірінің дәстүрлі экономикалық байланыстары біршама нығайды. Фо­румға көрші Қытай елінен аз адам келген жоқ. ШҰАР-дағы Қы­тай ком­мунистік партиясы аудан­­дық комитеті хатшысының орын­басары Ержан Тұрахұн екі ел ара­сындағы жаңа бағыт «Жаңа Жібек жолы» болатынын айтты. Екі мың жыл бұрын бұл бағыт Азия мен Еуропаны жалғастырды. Қазақстан мен Қы­тай бағытты жаңғыртып, қар­жы құю­ға болатынын жеткізді. Менің ой­ымша, біз бұл жобадан бір­ге табыс табамыз, деді Ержан Тұра­хұн. Форумға көрші өңірлерден де мәртебелі меймандар келген болатын. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ертіс жағалауындағы бұқара мойын бұрған өнімдерді айтып берді. Бұл – Шығыс өңірінің жергілікті автокөліктері, құрылыс материалдары мен тағам өнімдері. Ал Қарағанды облысының әкімі Нұрмұ­хамед Әбдібеков екі өндіріс­тік облыстың арасындағы тауар айналымы 190 миллиард теңгеден асатынын айтты. Біз мұнда бекер келген жоқпыз. Менімен бірге көпте­ген кәсіпкер келді. Осы жы­­лы біз 1 триллион теңгенің өні­мін шығардық. Ең бастысы, бізде өңдеуші кәсіп­орынның 8,7 пайыз­дық өсімі тіркелді. Шығыс Қазақстанның ауқым­ды өнеркәсіптік әлеуеті бар. Сондықтан, сіздермен тиімді тауар мен технология алмасамыз, деді Қарағанды облы­сының басшысы. Айтқандай, Д.Ахметов сауда әріптестігі туралы меморандумға алдымен осы екі облыс әкімдерімен қол қойысты. Ал Инвестициялар және даму минис­трлігінің бірінші вице-минис­­трі Альберт Рау қаржыны қай­да құюдың тиімділігі туралы әңгімеледі. Баяндамада айтыл­ған­дай, инвесторлар үшін ең тартымдысы машина жасау құрылысы, химия өнеркәсібі, тағам индустрия­сы және сауда саласы болып отыр. Басым бағыттар индустрияландыру бағдарламасына енетіндіктен қаржы салушыларға ерекше жеңілдіктер беріледі. ҮИИДБ – Елбасы мен Үкі­меттің қадағалауында. Себебі, 2035 жылы Қазақстан индустрия­сы дамыған елдердің санатына енуі керек. Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев өз кезегінде қаржы секторында бизнес-климатты жақсартуға жасалып жатқан жағдай туралы айтып берді. Біз үнемі инвесторларға арналған үдерістерді жетілдіру бағытында жұмыс істейміз. Мәселен, қазірдің өзін­де барлық өтінімдер біздің банкке қарапайым сауалнама түрін­де беріледі. Жобаларды алдын ала сараптау арқылы біз оны қарыз алушы шығын шекпеуі үшін екіге бөліп қарастырамыз. Жақында тұтынушыларға арналған электрон­ды кабинет пайда болады. Бұл бар­лық құжаттарды ресімдеудің уа­қытын қысқартады. Сумен қам­ту жүйесінде мемлекеттік-же­ке­меншік әріптестікпен кеңінен шұғыл­­данбақпыз. Шетелдік тәжіри­белер өте қажет. Сол себепті басқа елдердің кәсіпкерлерінен пайдалы ұсыныстар күтеміз, деді Б.Жәмішев. Шығыс өңірінің бұрыннан келе жатқан әріптестерінің бірі – Еуро­палық қайта құру және даму банкі ұзақ мерзімді бағдар­ламаларды жүзеге асыруға атсалысатынын тағы да дәлелдеді. Форум барысында аталған инс­титут қаржыландыруы тиіс үш жоба бекітілді. Бұл – Өскемен мен Семей қалаларындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобалары. Шығыс Қазақстан облысы – барша инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктердің көзі. Біз қуат үнем­деуші және экологиялық қауіпсіз тех­нологияларды енгізуге қатысуға мүд­деліміз. Өңірде шағын және орта кәсіп­керлік желісі бойын­ша 225 жобаға қолдау көрсеттік. Бұл тараптағы өтінімдер бұдан үш есе көп болды, деді ЕҚҚДБ директоры Дж.Хэкман. Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 255 млрд теңгеге жуық 38 келісім мен меморандумдарға қол қойылды. Бұл өткен жылғыдан біршама артық. Инвесторлармен кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин өңірде инвесторлардың тиімді жұмыс істеуіне жасалған жағдай бар екенін жеткізді. – Форум өңір экономикасын да­мытуға арналған пайдалы іс-шаралар алаңына айналды. Біз барлық бас­тамалар мен жаңашыл­дықты қол­дай­мыз. Қараша айында осы іспет­ті жиын Павлодар облысында өткізіл­мек. Инвесторлармен байланыс тәжі­ри­беміз көрші облыс­тың да кәде­сіне асады, – деді ол. Өңірде 400-ге жуық туристік нысан бар. Оның барлығы бір мезетте 22 мыңнан астам адам қабыл­дай алады. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың пікірінше, облыстың әлеуеті одан да жоғары. Бұл пікірмен Еуроодақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» туристік жобасының сарапшысы, Болгарияның «Солнеч­ный берег» туристік кешені директорлар кеңесінің мүшесі Соня Ени­лованың ойы да үндес. Ол консалтингтік компаниялар арқы­лы жағдайды жіті саралап, саланы дамытуға арналған күш-жі­герді қалай жұмсау керектігін біліп алуға кеңес берді. Шетелдік маманның айтуынша, өңірдің әлеуе­ті, ресурстары жеткілікті. Келу­­­шілерді тарту үшін тек осы әлеует пен ресурсты біріктіре, үй­лес­тіре білген абзал. Гидтер, сая­хатты ұйымдастырушыларды даяр­­лау мәселесі өте өзекті. Бүгінгі ин­вес­­тициялық форум басқа елдерден туристерді тартуға жасалған ал­ғашқы маңызды қадам болды. Қазақ­станда көптеген қазба жұ­мыс­тары жүргізілуде. Бірақ бір ғана археологиялық салаға байла­нып қалу­ға болмайды. Өйткені, бұл салаға қызығушылар өте аз. Сон­­­­­­­дықтан тарихи ескерткіштерге мә­де­­­ни бағыттарды қосу керек, деді ол. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры өңірлік филиалының директоры Тимур Екеев қатысушыларға туризмді қолдау бойынша қандай құралдарды пайдалануға болатынын түсіндірді. Оның ішінде субсидия, мемлекет кепілдігімен қарыз, қаржы гранттары және басқалар бар. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің өңірлік орталығы ди­­рек­торы Шәкәрім Бұқтұғұтов ха­лықты әлеуметтік маңызды нысан­дармен қамтуда мемлекетпен әріптестік орнатқан кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып берді. Үржар мен Катонқарағай аудан­дарының өкілдері де инвес­торлар назарына іргелі жобалар ұсынды. Оның ішінде ауыл ту­ризмі, омарташылық, қонақүйлер құры­лысы, дәмхана және шипажайлар бар. «Аltai Invest-2016» халықаралық форумы аясында кәсіпкерлік мен энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм және мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік салалары бойынша роуд-шоулар өткізілді. Туризм мен мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік салалары бойынша өткі­зілген роуд-шоу мен В2В кезде­сулері соңында форум делегаттары ықпалдастық жөніндегі 14 мемо­рандумға қол қойды. Форум барысында Шығыс Қазақстанның туристік операторлары Болгария мен Қытайда өздерінің жаңа нарық­тарын ашты. Агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша 1,8 млрд теңгені құрайтын 11 меморандумға қол қойды. Тартылған қаражат көзін жер суару жүйесін дамытуға, етті мал шаруашылығын дамыту жә­­не ет пен майлы дақылдарды өң­деу жобаларын жүзеге асыруға жұм­сайтын болады. Сонымен қатар, ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша келісімдер жасалды. Кәсіп­керлік пен энергетика саласы бойынша 33,5 млрд тең­гені құ­райтын 4 меморандум жасалды. Ин­весторларға облыстағы агро­өнер­кәсіп кешені, энергетика, туризм салалары бойын­ша 927 млрд тең­гені құрайтын 84 жоба ұсы­нылды. – Біз аталған келісімдердің жү­зеге асуын қадағалайтын боламыз. Себебі, өңірде туризмнің дамуына мүдделіміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар. Ал облыс әкімінің орынбасары Дүй­сенғазы Мусин агроөнеркәсіп кеше­­ні саласындағы роуд-шоу бағдар­ламасын ашып, өсімдік және мал шаруа­шылығы өнімдерін өңдеу өндірісі тартымды болатынын айтты. Шығыс өңірінің елімізде жер көлемі жағынан үшінші орын алатынын, 28 миллион гектардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына арналғанын, Қазақстандағы бар­лық ағаш қорының 44 пайызы Шығыста шоғырланғанын жеткізді. Бұл жыл сайын миллион текше метрге дейінгі шикізатты өңдеу­ге мүмкіндік береді. Ауыл ша­руа­­­шылығы бойынша маңызды 16 инвестициялық жоба жөнінде бас­қарма басшысы Қонысбай Төлеу­беков баяндады. Қажетті ин­фра­құ­рылым құрылысы және шығынның белгілі бөлігін қайтару бағытында мемлекеттен қолдауға ие жобалар қа­тарында Үржар мен Ұлан аудан­дарындағы ет және жұ­мыртқа бағытындағы құс фабрикасы, Семей қаласындағы тері өңдеу зауыты, Аягөз ауданындағы ет комбинаты мен бордақылау алаңы бар. Пайдалы жобалар сапында басқа қалалар мен аудандар да бар. Айталық, Өскеменде тағы бір май зауытын салу көзделсе, Тарбағатай мен Зайсан аудандары ірі бордақылау алаңдарын құру бойынша ұсыныстар күтеді. Рид­дер қаласы мен Глубокое және Бородулиха аудан­дары сүт өңдеуге ден қойып отыр. Жер қатынастары бас­қармасының басшысы Виктория Барсукованың айтуынша, суармалы жерлерді игеру де инвестиция тартуды қажет етеді. Бұл ретте атқарушы органдардың ұсынуымен Бесқарағай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Семей қаласында игеруге тиіс телімдер жетерлік. Орман өсіру мен ағашты терең өңдеу де әлі шеті кертілмеген ресурс. Бұл салалардың өңір экономикасындағы қазіргі үлесі 15-20 пайызды ғана құрайды. Форум барысында «Лун Син» ЖШС президенті Суй Лицзюнь өзінің өңірдегі жұ­мыс тәжірибесімен бөлісті. Оның ауылшаруашылық кәсіп­орны Бес­қарағай ауданын­да былтыр тіркелген болатын. Көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай атқарған олар соя, күнбағыс және бақша дақылдарын егіпті. 55 жаңа жұмыс орнын құрып, өнімді жинау кезінде 300 адамға дейін жұмыс көзін тауып берген. Суй салық жеңілдіктері мен субсидиялаудың оң тұсына сүйсініп отыр. Келешекте өсірілген өнімді өңдеу зауытын салмақ. Форумның пленарлық бөлімінің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақ­стан экономикасының түрлі саласында жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 218 миллиард теңгені құрайтын 9 меморандум мен келісімге қол қойылды. Сондай-ақ роуд-шоу форумы шең­берінде өнеркәсіп пен энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында 35,3 миллиард теңгенің 29 меморандумы бекітілді. Осылайша, форум қорытындысы бо­йынша жалпы сомасы 255 миллиард теңгеге жуық 38 құжатқа қол қойылып отыр. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»   ӨСКЕМЕН