Мүсінші Өмірзақ Шановтың шығармалары әрқашанда өнерсүйер қауым мен өнертанушылардың назарын аударып келеді. Көптеген шығармашылық көрмелерге қатысқан, үнемі идеялық белсенділігінен танбаған мүсінші. Оның ізденістерінде құрылымды пластика қабаттасып келіп, тақырыптың мазмұнын байытып, композициясын жетілдіре түседі. Оның жұмыстарынан ежелгі Мысырлық пластиканы да көруге болады. Әсіресе, сақ жауынгерлерін бейнелеген жұмыстары тіптен ерекше шешіммен таң қалдырады.
Портреттік жұмыстарында ежелгі Римнің жаңғырықтары байқалса, кейбір жұмыстарында Еуропаның барокко стилін де байқауға болады. Оның жасаған туындылары өткір зейіннен өтіп, өзіндік жанр мен стиль үлгісінде көзге түсіп, қазақ мүсін өнерінің кәсіби түрін жандандырып келеді.
Ө.Шановтың тапқан дүниесі ол қазақ топырағындағы классицизм. Классицизм неоклассицизм түрінде өнерде дүркін-дүркін қайталанған құбылыс. Бұл суреткердің мүсіншілік стихиясы классицизм десек қателеспейміз. Архитектоникасы, композициясының анықтығы, басты әрекеттің бөлек көрсетілуі, пішіндерінің мүшеленуі, жекелеген ауқымдардың тым айқындылығына қол жеткізілетін кеңістіктің барельефтік түсіндірілуі бірден байқалады. Мұның барлығы – рационализм элементтері, сайып келгенде, Өмірзақ Шанов шығармашылығының өзегі.
Мүсінші жаңа бетбұрыс жасауға икемді. Қай тақырыпты алса да адам мінезінің қалтарыс-қатпарына батыл барлау жасайды. Ө.Шанов құбылыстардың түбіне бойлап, олардың түп-тамырын ақтарып, көрер көзге жеткізіп, ол жөнінде өзінің меншікті пікірін қалыптастыруға ұмтылады. Сонымен бірге, ой ұшқырлығы мен психологиялық тұжырым ерекшелігі, қиял мен ойдың ұштасуы, ұлттық ерекшеліктердің түрленуі арқылы жандандырылған түрлері көптеп кездеседі. Пішін суретшінің ой-қиялына бағынышты бола отырып, оның қолының икеміне қарай алуан түрге еніп құбыла түседі.
Салт атты сақ сарбаздарын бейнелегенде ықшамдығы мен қарапайымдылығы айқындыққа әсер етіп қана қоймай, экспрессияны өз еркіне бағындыра білген. Оның айбындылығы, батылдығы және мазмұнының салтанаттылығы ерекше көрінеді. Скиф мүсінінің басты тақырыбы – адам. Оның сыртқы келбеті арқылы ішкі рухани дүниесіндегі жан сезімін, жігер-қайратын, күрделі психологиялық күйін ашып көрсеткен. Адам психологиясының телегей-теңізін тереңінен зерттеп, оның көңіл күйінің алуан түрлілігін мүсін өнерінде сұлбалау өте асқан шеберлікті қажет ететінін де осы орайда аңғарамыз.
Мүсінші әр жұмысына ерекше ізденіспен келеді. Юморға да өте бейім. Бала мен алма атты жұмысында баланың төбесіне алма қойып атпақшы болған кезі бейнеленген. Бала бүрісіп қорқып тұр. Осы сәттің өте дәл көркемдік шешімін тапқан. Бейнелеу арқылы мүсінші адамның сырт пішінімен қатар ішкі жан дүниесін де жеткізген.
Психологиялық тереңдік, бейнелі дүниені ой елегінен өткізіп көрсету тәсілі туралы айтсақ та, ең бастысы, Ө.Шанов шығармашылығы бүгінде өзінше бір әлем. Қазақ өнерінің үлкен бір белесі. Кәсіби мүсін өнерінің бастау бұлағында көтерілген стилдік ізденістерді реализм төңірегінен алыстата алған мүсіншілердің бірі де Ө.Шанов. Мүсінші болмысты түсінудегі суреткерлік қиялымен, ұшқыр ойымен, талантымен және шеберлігімен эстетикалық және поэтикалық көркемдік ізденістердің кең айдынына шыққан.
Жанарбек БЕРІСТЕН,
философия ғылымдарының кандидаты

Елімізде дәрігерлер тапшылығы 20%-ға қысқарды
Медицина • Бүгін, 11:47
DeepBas: Құрғақшылыққа қарсы жаңа технология енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:43
Антониу Гутерриш: Таяу Шығыстағы қақтығыс әскери жолмен шешілмейді
Әлем • Бүгін, 11:30
-18 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 11:26
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады
Елорда • Бүгін, 11:08
Түркістан облысындағы жеке клиникада лицензиясы жоқ дәрігерлер қызмет көрсеткен
Медицина • Бүгін, 10:52
Мобильді аударымдар тексеріледі: Қандай жағдайда айыппұл салынады?
Заң • Бүгін, 10:39
Елімізде жолаушылар тасымалы 9,3 пайызға артты
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағы сатып алынады
Экономика • Бүгін, 10:20
Аида Балаева: Шымкенттің туристік әлеуетін дамытуда жаңа инновациялық тәсілдер қажет
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Есірткі қылмысын отбасылық бизнеске айналдырғандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:52
«Алисамен» қазақша сөйлесетін қолданушылар саны 30%-ға артты
Технология • Бүгін, 09:50
Билет сатып аларда сақ болыңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 09:42
Интернет-алаяқтық көрсеткіші 15 пайызға төмендеді
Қоғам • Бүгін, 09:40