26 Қазан, 2016

Кореяның ұлттық кітапханасында Қазақстан бұрышы ашылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Корея Республикасының ұлттық кітапханасында Қазақстан бұрышы ашылды, деп хабарлайды egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 200-ден астам кітапты сеулдік кітапханашыларға олардың астаналық әріптестері сыйға тартты. Бұл қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі шығармалар. Олардың ішінде белгілі қазақстандық жазушылардың және саясаткерлердің туындылары бар. Шара - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Ал оңтүстіккореялық кітаптар бөлмесі Астанадағы ұлттық кітапханада 2009 жылы ашылған. Қазір Кореяның ұлттық кітапханасында он миллионнан астам кітап бар, бірақ тек 6 мемлекеттің ғана жеке бұрышы бар. Олар Қазақстан, Сингапур, АҚШ, Түркия, Тунис және Иран. «Мұндағы мақсат - қазақстандық көрнекті жазушылардың шығармашылығын насихаттау. Сонымен қатар осы елдегі оқырмандарды еліміздің тарихымен, мәдениетімен, бай салт дәстүрімен таныстыру және ұлтаралық татулығымызды, дамыған жаңа Қазақстанды әлемге паш ету», - дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы шетел әдебиеті орталығының қызметкері Рысжан Айтбай.