26 Қазан, 2016

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Кларесса Шилдс кәсіпқой боксқа ауысады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Америкадан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Клара Шилдс кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жасамақ. Клараның жекпе-жегі Сергей Ковалёв мен Андре Уорд бокс кешінің аясында өтпек. 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы әуесқой бокста 27 кездесу өткізіп, 26-сында жеңіске жеткен (26-1, 14 КО). Кәсіпқой бокстағы қарсыласы әлі белгісіз. Айта кету керек Рио Олимпиадасында Клара Шилдс отандасымыз Дариға Шәкімованы жартылай финалда ұтқан болатын.