26 Қазан, 2016

Қазақстан мен Еуропа банкінің ынтымағы талқыланды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Бірінші вице-президенті Фил Беннеттпен кездесті. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайтында хабарланды. Кездесу барысында ЕҚДБ-мен алдағы ынтымақтастық, оның ішінде ЕҚДБ-нің Қазақстанға арналған 2017-2020 жылдарға Елдік стратегиясының перспективалары талқыланды.