26 Қазан, 2016

Ішімдік пен темекіні қымбаттату туралы заңды депутаттар қолдады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланып, депутаттар тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды egemen.kz Вaq.kz-ке сілтеме жасап. Депуттар алдында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев заңды қабылдасақ, қосымша 237 млрд теңге табыс түсетінін айтып сендірді. Дауыс беру кезінде Мәжілістің 95 депутаты жақтап дауыс берді. «Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін өндіруге пайдаланылатын этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылып отыр. Ресей мен Беларусьте де осы тәжірибе қолданылады», - деді Қуандық Уәлиxанұлы. Енді бұл заң жобасы Парламенттің жоғары палатасы Сенаттан қолдау тауып, жыл соңына дейін Елбасы қол қойып жатса, Қазақстанда алкоголь өнімдері мен темекі акцизі айтарлықтай өседi. 2019 жылы ішімдіктің 1 литрі үшін акциз құны 85 пайызға, темекінің 1000 данасы үшін 74%-ға дейін өседі. Айта кетейік, министрдің айтуынша, қазіргі кезде 1 литр алькоголь өнімінің қолданыстағы акциз құны 1380 теңге болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2000 теңгеге өседі. Ал 2018 жылы 2275 теңгеге, 2019 жылы 2550 теңгеге дейін жетеді. Темекінің 1000 данасына салынатын акциз салығы 2017 жылы 5000-нан 6200 теңгеге дейін артады. Ал 2017 жылы 7500 теңгеге, 2018 жылы 8700 теңгеге дейін жетпек.