Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Қырғыз Республикасының үкіметін отставкаға жіберу туралы» жарлыққа қол қойды. «Қырғызстан», «Онугуу-Прогресс», «Ата Мекен», ҚСДП фракциялары арасындағы коалициялық келісімге сәйкес Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің 2015 жылғы 2 қарашасында құрылған Қырғыз Республикасының Үкіметі отставкаға кетті деп саналсын.
Премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер лауазымындағы адамдар, Үкімет мүшелері, сондай-ақ Қырғыз Республикасы әкімшілік ведомстволарының басшылары Үкімет мүшелері және Қырғыз Республикасының әкімшілік ведомстволарының басшылары Үкіметтің жаңа құрамы мүшелерін және әкімшілік басшыларын тағайындағанға дейін бұрын атқарған лауазымы бойынша міндеттерді орындауды жалғастырсын», - делінген ҚР президентінің сайтында.
Еске салсақ, Қырғызстанда көпшілік коалиция ыдырады. «Ымырасыз саяси көзқарастарға байланысты ҚСДП көпшілік коалициясынан шығады», - деп хабарлады журналистерге берген сұхбатында дүйсенбіде фракция көшбасшысы Иса Омуркулов. Ол шешім фракция отырысының қорытындысы бойынша қабылданғанын атап өтті. «Конституциялық референдумды өткізу мәселесі бойынша партиялардың уағдаласа алмауы коалицияның ыдырауына алып келді», - деп атап өтті көпшілік парламенттік альянс көшбасшысы Қанат Исаев.