26 Қазан, 2016

Қазақстандық конькишілер әлем кубогының 4 кезеңіне қатыспақ

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық коньки тебушілер «Универсиада-2017» ойындарына белсенді дайындық жүргізуде. 1 қазаннан бастап ұлттық студенттік құрама Астанадағы «Алау» мұз алаңында дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ойындары басталғанға дейін, конькимен жүгіру спорты бойынша қазақстандық құрама әлемнің 4 чемпионатына қатыспақ. Алда келе жатқан «Универсиада-2017» ойындарында ҚР ұлттық студенттік құрамасында 24 коньки тебуші өнер көрсететін болады.