«Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырушы кеңсесіне Америка Құрама Штаттары мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Альфред Шеннон басқарған АҚШ делегациясы келді. Алдымен америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап. «Мен Астанаға кеше кешкісін келдім. Бұл менің алғашқы ресми кездесуім. Біз ЭКСПО-2017-геқатысамыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім. Тамаша ғимарат, таңғажайып павильон», – деді Томас Альфред Шеннон. Мемлекеттік хатшының орынбасары атап өткендей, ЭКСПО АҚШ-пен қарым-қатынас арасындағы маңызды элемент ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан үшін жаһандық, оның ішінде энергетика саласындағы өз мүмкіндігін көрсететін үлкен мүмкіндік, деп хабарлады көрменің ресми сайты. Ахметжан Есімов АҚШ-тың көрмеге қатысуының маңыздылығын айтты. «Биыл 2 мәрте АҚШ-та болдым. Баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша қаншалықты қарқынды жұмыс атқарылып жатқандығын білемін. Бұл – жаңа технология мен заманауи ғылымижобалар бойынша алдыңғы қатардағы мемлекет» – деді ұлттық компанияның басқарма төрағасы. Кездесу соңында АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға байланысты мәселелерді мейлінше жылдам шешуге тырысатындығын айтты.
Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше