26 Қазан, 2016

Әскери борышты өтеу мерзімі ұзартылмайды

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтан сарбаздардың әскери борышты өтеу мерзімін 2 жылға ұзартуға қатысты позициясын сұрады, деп хабарлайды egemen.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. «Қазіргі кезде сарбаздардың әскердегі мерзімі бір жыл. Бұл мерзім бізге жеткілікті. Қазақстан армиясының 70 пайызын келісімшартпен жұмыс істейтін кәсіби мамандар құрайды. Сондықтан Қорғаныс министрлігі сарбаздардың Отан алдындағы борышын өтеу мерзімін 2 жылға созуды қолдамайды», -деді Сәкен Жасұзақов. Айта кетейік, жақында ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева әскери борышты өтеу мерзімін екі жылға ұзарту керек деген ұсыныс айтқан болатын.