Футзалдан Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби алматылық "Қайрат" командасына ауысты, - деп хабарлайды egemen.kz қазақстандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, келісімшарт "1+1" сызбасы бойынша жасалған. Тайеби медициналық тексерістерден өтті, жуырда алматылық команданың құрамында жаттығу жұмыстарын бастайтын болады.
"Мен "Қайрат" командасымен келісімшарт жасасқаныма қуаныштымын. Себебі, "Қайрат" командасы - әлемдегі үздік команда. Ол тек жоғары нәтижелерді көрсету үшін күреседі. Мен осы команданың мүшесі болғаныма қуанамын!", - деді Хоссейн Тайеби баспасөз клубына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Колумбияда қыркүйек-қазан айында футзалдан өткен әлем чемпионатында Иран құрамасы Португалияны басып озып, 3-орында иеленген болатын. Иран құрамасында ойнаған Тайеби 75 матч өткізіп, 66 гол салған екен.