Машина жасау мен техника өндіруде жетекші елдердің қатарына қосылатын Жапонияның, әсіресе, «Тойота» компаниясының көліктері қай мемлекетте де үлкен сұранысқа ие. Күні кеше Астанада да «Тойота Сити Астана» атты ірі дилерлік орталық ашылды. Жаңа автосалон ЭКСПО-2017 халықаралық көрме өтетін аумаққа жақын ауданда орналасқан. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне «Тойота Мотор Европа» орталығының жетекшісі Меттью Харрисан қатысып, сөз сөйледі.
«Елордалықтарға есік ашқан бұл мекеме «Автодом» компаниялар тобының бір бөлігі болып табылады. Ал оның құрамына Алматы, Қостанай, және Ақтау қалаларында орын тепкен дилерлік нысандар кіреді. «Тойота Сити Астана» – Орта Азиядағы ең ірі дилерлік орталық «Тойота Сити Алматымен» деңгейлес. Сондықтан бұдан былай Астана қаласының тұрғындары жаңа автосалонның арқасында теңдесі жоқ сегмент көшбасшысының қызметтерін толық спектрімен пайдалана алады», деді Меттью Харрисан. Ол салтанатты басқосудың «Тойота Мотор Корпорэйшн» ресми дистрибьюторының қамқорлығымен өткенін де жеткізді.
Жиында «Тойота Мотор Қазақстан» орталығының президенті Этсуо Хашино мен «Тойота Сити Астана» құрылтайшысы Сухраб Махмудов та көпшілікке лебізді пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, «Тойота» компаниясы Қазақстанды ғана емес, әлемді шарпыған қаржы дағдарысына қарамастан екі ел арасындағы серіктестік қатынастарын, көлік бизнесін, қосалқы бөлшектер саудасын және сервистік қызмет көрсетуді дамытуда маңызды рөл атқаруда. Мұндай ілкімді шаруалар өңірдің экономикалық әлеуетіне септігін тигізуде. Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, салаға тиесілі өңірлік жалпы өнімнің өсуі 10,3 пайызды құрайды.
Шара барысында қатысушылар жапон мәдениетін айшықтайтын концерттік бағдарламаны тамашалады.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 22:34
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Бүгін, 22:23
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Бүгін, 22:15
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Бүгін, 21:44
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Бүгін, 21:14
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Бүгін, 21:00
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:05
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00