Егер елде тәртіп сақталмаса, азаматтар құқы талапқа сай қорғалмаса не болар еді? Нағыз келеңсіз жағдай, яғни біреуді біреу ұрып, тонап, қорлап, әлі жеткен ойына келгенін істер еді-ау. Сөйтіп, адамдардың адамгершілігі де, берекесі де, байлығы да қашып, тыныштыққа зар болатыны анық.
Бұл кімге керек? Ешкімге де. Сондықтан елдегі тәртіпті қадағалайтын мүйізі қарағайдай құқық қорғау органдары бар. Солардың қатарына Ішкі істер министрлігін де жатқызуға болады. Әрине, ішкі істер ісінде айтар сыр көп. Және ол сырдың денін жұрттың көпшілігі білеміз дейтіні анық. Бірақ білмейтіндері, дұрысын айтқанда, бұған оншалықты мән бере қоймайтындықтары және бар. Осы жағынан келгенде маңызды мәселенің мәнін ашқан жөн. Халық ішкі істер органдары міндеттерін қалай, қайтіп атқаруда екендігін, анығы не тындырып жатқандығын және олардың құдіреті мен құзыреті зор екендігінен мол хабардар болуға тиіс.
Жалпы, біле-білсеңіз, өз құқы талапқа сай болуын тілейтін үлкен-кішінің түгел көзі ашық, көкірегі ояу, олар ел іші түгіл сонау мұхиттың ар жағында не болып жатқанын сол сәтте естіп, көріп біліп отырады. Бұл үшін не қажеттің бәрі бар. Тек кез келген адам мына өмір ағымына ілесіп отырса болғаны. Сондықтан ана алыс, жақын шетелдерде адам құқының қалай қорғалатынын, ондағы құқық қорғау органдарының қайтіп ойдағыдай қызмет атқара алатындығын, соның арқасында темірдей тәртіптің де орнайтындығын, сөйтіп, ең бастысы – адамдар полиция қауымына үлкен сеніммен қарайтындығын жақсы біледі.
Ал біздің елде ше? Ойланып қаласыз. Ойланатындай жай бар. О шеті мен бұ шетіне ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ елімізде халқымыздың адам санына шаққанда қылмыстар аз ба, көп пе, оны нақты жарытып ешкім айта алмайды. Бірақ күнделікті жасалып жатқан қылмыстың саны да, сотталып түрмеге тоғытылып жатқандардың да саны аз емес екені және анық. Мәселен, сенсеңіз де, сенбесеңіз де, қазірдің өзінде 400 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Соған орай жыл басынан бері мыңдаған құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламалар қаралған. Бұл аз сан емес. Тіркелген қылмыс санының көптігі, бір жағынан қылмысты тіркеу тәртібінің өзгеруіне байланысты болса, екіншіден, Қылмыстық кодекске қылмыстық қылықтардың енгізілуінен дейді құқық қорғау өкілдері. Бірақ бұлай деп айтып көңіл көншіткенмен, нақты қылмыс саны ешуақытта азаймайды. Соған қарамастан, елдегі қылмыстық жағдай тұрақты дегенді алға тартады Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Осы қаралған арыздарға байланысты оның көбі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталған. Ал тіркелген қылмыстардың 60 пайызын ұялы телефондарды, автокөліктен жеке заттарды, қалта ұрлығы мен басқа да жеңіл және орта ауырлықтағы қылмыстар құрайды екен. Осылайша, әйтеуір, адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, алаяқтық және бұзақылық бірнеше пайызға төмендепті. Бұлайша төмендеу барысы, министрдің айтуынша, оңайлықпен келіп жатқан шаруа емес. Өйткені, қылмысты қасақана жасайтындармен қатар, полиция қызметкерінің заңды талабына мойынсұнғысы келмейтіндердің де көптігі ойландырады. Ондай адамдар полицияның айтқанын орындаудан бас тартады. Бас тарту түгел бұзақылығын одан әрі жалғастыру мақсатымен оқалы киімдіге бағынбайды, қарсыласады. Ал полиция қызметкері заңды талаптың орындалуын қатаңдата бастаса, әлгі бұзақы оның ар-намысына тиіп, тіпті күш көрсетуге көшеді.
Әрине, мұндай жағдайдың орын алғандығы туралы мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бірақ оның бәрі жұртқа мәлім жағдай. Мәселе, сол адамдар өздерінің әлгі қылықтарымен қылмысты одан әрі өршітіп жатқандарын түсінбейді. Заң бойынша полиция қызметкерінің заңды талабына ешуақытта қарсы шығуға болмайтыны белгілі. Көпшілік полиция қызметкеріне кедергі келтірсем, құрығанда айып төлеп құтылып кетем ғой деп ойлайды. Олай емес. Мұндай әрекеттің салдары ауыр.
Әрине, бұрын полиция қызметкеріне бағынбағандар көп болса әкімшілік жауапқа тартылатын. Ал енді мұндай әрекет қылмыстық қылық, яғни қылмыс болып табылады. Мұны әр адамның нақты білгені, терең түсінгені дұрыс. Өйткені, полиция қызметкерінің ар-намысына тию заң бойынша 75 тәулікке дейін қамауға алуды, ал оған күш көрсету 10 жылға бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондықтан қазіргі уақытта мұндай деректердің бәрі түбегейлі тексеріліп, ол бойынша ашылған әр қылмыстық іс қатаң бақылауда тұрады.
Мәселен, өткен жылы полиция қызметкерлеріне қатысты күш көрсету бойынша 592 дерек тіркелсе, оның 514-і сотқа жолданған. Ал сотта бұл деректер дәлелін тапса, ол адамдар бірнеше жылға бас бостандығынан айырылатыны сөзсіз. Сондықтан қашанда құқым қорғалсын деп заң талабын ұстанған адам билікке қарсы шықпайды. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», деп Бауыржан атамыз текке айтпаған ғой. Заңды құрметтегеннің көңілі де жай. Осыны үнемі есте ұстаған жөн, ағайын!
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан»

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12