Президент Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленді. Осыған байланысты С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қаламыздағы көп балалы және өнерлі отбасылардың бірі – Жетесовтердің қатысуымен «Жан жылуын балаларына арнаған» атты бенефис-сұхбат өткізілді.
Шараның мақсаты, оқырман қауымға отбасы күні туралы мәлімет беру. Баланы кішкентай кездерінен музыкаға баулып жүрген өнерлі Жетесовтер әулетінің шығармашылығын насихаттау. Сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және қадірлей білуге баулу.
Бенефис-сұхбатқа мәдениет саласының қызметкерлері, қаламыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдері, №35,37 және Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімдері, облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің өкілдері қатысты.
Шара барысында «Шаттығымен шуақ шашқан шаңырақ» тақырыбында слайд көрсетілді.
Жалпы, Ақтөбе өңіріне ғана емес, республикаға танымал, «Әйел бақыты», «Айтуға оңай» телебағдарламаларына қатысып, халыққа өнегелі өмірі мен өнерлері арқылы танылып жүрген Жетесовтер өздерінің әулеті жайында «Берекелі отбасы» тақырыбында әңгімелеп берді. Үлкен әулеттің отағасы, «Шашу» халықтық ансамблінің жетекшісі Өмірхан Нариманұлы: «Қазіргі таңда жеке шығармашылықпен айналысамын және өзім жастайымнан жетімдік көрдім, жүрегі жұмсақ, жаны жайдары Аманкүлдей жанға жолықтырған өмірге ризамын, болашақта осы ұл-қыздарымды үлкен сахнада көрсем деп армандаймын», – деді.
Кештің алғы сөзін алған Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Г.Маханова: «14 бала тәрбиелеп, оларды өнерге баулып, ансамбль ұйымдастырып халық алдына шығаруларыңыздың өзі – отбасылық құндылық деуге болады», – деп ризашылығын білдірді.
Шараның жалғасы «Шашу» халықтық ансамблінің орындауында «Әттең, тонның келтесі-ай», «Өз елім», «Ақтамақ» әндері мен «Шалқыма» күйі, «Махамбеттің термесі» секілді әдемі әуендерге ұласып, көрермен қауым балалардың өнерін тамашалады.
Өнер жолына қанат қаққан осы отбасының үлкен балаларының бірі 21 жастағы Айгүл колледжде оқыса, одан кейінгілері мектеп жасындағылары қазіргі таңда Қазанғап атындағы өнер мектебінің баян және қобыз класының оқушылары. Ең кішкентайы Әлихан 4 жаста.
«Жетесовтер әулетінің басты ерекшелігі – өмірде де, өнерде де бірге жүріп, балаларын тәрбиелеп, халықтың көзайымына айналғаны. Балалардың болашақта ата-ананың үмітін ақтар, елін сүйер саналы азамат болуларына сенім білдіремін», – деп, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Несібелі Сағымбайқызы кеш қонақтарына рахметін айтып, естелік сыйлықтар тарту етіп, алғыс хатпен марапаттады.
Ақерке САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ
АҚТӨБЕ

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53