28 Қазан, 2016

Астана театрлары үздік атанды

1001 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және «Жастар театрының» ұжымы Орталық Азия мемлекеттерінің VI Халықаралық театрлар фестивалінде жеңіске жетті. Фестиваль 24-27 қазан аралығында Талдықорғанда өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан және Өзбекстанның үздік ұжымдары қатысты. kalekki Елордалық қазақ драма театрының актерлары А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясын қойып, Гран-при иеленді, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі. Спектакльді қоюшы танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығының иегері - Сергей Потапов. Басты рөлді сомдаған - «Золотой Витязь-2015» халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева. Сондай-ақ, сахна төрінде «Қаллеки» театрының әртістері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері - Кеңес Нұрланов, Қуандық Қыстықбаев, Нұркен Өтеуілов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Сырым Қашкабаев және т.б. өнер көрсетті. zhastar-teatry Ал елордалық «Жастар» театрының ұжымы бұл фестивалде бірінші орын алды. Театр актерлары Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымын көрсетті. Спектакльдің қоюшы режиссёрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай болды.