Ертең, 29 қазан күні кешке күллі қазақ жұртының назары оңтүстік мегаполистегі «Алматы Арена» спорт сарайына ауғалы тұр. Бұған қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның осында ганалық бәсекелесі Патрик Аллотеймен «WBA Fedelatin» белбеуін қорғау және құрлықаралық WBO чемпиондығын алу үшін жекпе-жек өткізетіні себеп болып отыр.
Қанат 2012 жылғы қыркүйекте кәсіпқой боксқа ауысқан еді. Ол сол уақыттан бері АҚШ-тың Флорида штатындағы Пахоки қаласында тұрып, жаттығып жатыр. Біздің жерлесіміз 2012 жылғы 19 желтоқсанда «WBA Fedecaribe» болжамы бойынша бірінші орта салмақта чемпион атанды. Сол уақыттан бері ол 21 рет рингке шығып, соның бәрінде жеңіске жетті. Оның ішінде 18 ұрысын нокаутпен аяқтады.
Дегенмен, Қанаттың ертеңгі қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес. Мұны боксшы бұдан айдан астам уақыт бұрын, 23 қыркүйекте өткізген баспасөз мәслихатында ашық айтты. Ол өз елінде өтетін алғашқы жекпе-жектің жүгі ауыр екенін бірден жеткізді.
– Тұңғыш рет өз елімде кездесу өткізгелі отырмын. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қарсыласым да осал емес. Бұл үшін оның 36 кездесу өткізіп, оның 28-ін нокаутпен жеңгенін айтсам да жеткілікті. Тіпті нокауты санының өзі менің барлық ұрыстарымнан көп. Мен Алматыда жерлестерімнің жаппай қолдауына сүйенемін. Қазір жаттығуды IBA академиясында өткізіп жүрмін, – деді Қанат Ислам сол жолы.
Еске сала кетейік, бұл бокс кешінде Қанат Исламнан басқа, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы және Жәнібек Әлімханұлы есімді жерлестеріміз шаршы алаңға шығады. Бұлардың арасында Жәнібек бірінші рет өзін кәсіпқой рингінде сынап көргелі тұр.
Мамандар мен спортшының айтуынша, біздің үкілеп қосатын үмітіміз – Қанат Ислам алдағы жекпе-жекке тастүйін дайындықта келіп отыр. Тек оған енді сәттілік серік болсын деп тілейік.
Айдар ӨРІСБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03