28 Қазан, 2016

Антарктикада әлемдегі ең ірі теңіз қорығы салынады

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24 ел делегациясы мен Еуроодақ өкілдері Антарктикада әлемдегі ең ірі теңіз қорығын салуды мақұлдады, деп хабарлайды egemen.kz РИА Новости - ға сілтеме жасап. Антарктиканың тірі теңіз ресурстарын сақтау жөніндегі комиссияның (АНТКОМ) жыл сайын өтетін кездесуі биыл аустралиялық Хобартта өтті. Жаңа Зеландия СІМ басшысы Мюррей Маккалидің мәлімдеуінше, АНТКОМ шешімімен құрылған Росса теңізіндегі қорық зонасы 1,55 миллион шаршы шақырымнан асады. Бұл аумақта 35 жылға балық аулауға тыйым салынады. Министрдің айтуынша, қорық құру туралы келісім 2017 жылдың 1 желтоқсанында күшіне енеді.  Оңтүстік мұхиттың тек 2%-ын алатын Росса теңізінде Адели пингвиндерінің әлемдік популяциясының 38%, дауылпаздардың (буревестник) 30% және теңбіл бауырлы киттердің 6% тіршілік етеді.