28 Қазан, 2016

Астанада әкелер форумы өтіп жатыр

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі Республикалық әкелер форумын өткізіп жатыр, деп хабарлайды egemen.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап. Форум тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған. Жиын бала тәрбиесіндегі әке рөлін дәріптеуге арналған. Әкелер форумы республикалық дәрежеде алғаш рет өтуде. «Отан, отбасы, от ағасы» – егіз ұғымдар. Бұл форумның басты мақсаты – отбасындағы әкенің алатын орнын кеңінен насихаттау. Бүгінгі форумға еліміздің үздік әкелері жиналды. Әйелі күйеуін, баласы әкесін сыйлауы ұлттың амандығын сақтап қалуына тікелей ықпал етеді», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен. Форумға Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысуда. Шара соңында әр аймақтан келген үлгілі әкелер дипломдармен марапатталады.