«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша басым бағыттардың бірі – «Жастар тәжірибесі». Мемлекеттің жан-жақты қолдау көрсетуінің арқасында бұл бағыт бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде ойдағыдай жүзеге асырылып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже беріп отыр.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектеріне мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсету. Қазір жұмыс берушілердің көбі тәжірибесі жоқ жас мамандарды жұмысқа алуға құлықсыз екені жасырын емес. Бастап жұмыс істемесе, ол тәжірибе қайдан келеді? Сондықтан, бұл жерде мемлекеттің араласып, жас маманның тауын шақпай, жұмыс табуына, тәжірибе жинауына септесуі аса қажет. Жұмыс беруші де жас мамандар арасынан өз көңілінен шығатын, сенім арта алатын, жігерлі маманды таңдап ала алатындай болуы керек.
– Бағдарлама шарты бойынша, жас маман меншік түріне қарамастан, кез келген ұйымда тәжірибеден өте алады. Мемлекет оған ай сайын 34 686 теңге көлемінде жалақы төлеп отырады. Ал жұмыс беруші оның жұмыс ретін, міндеттер көлемін белгілеп, мемлекет бөлген еңбекақының үстінен қосымша ақы төлеуіне болады. Осылайша, алты ай бойы тәжірибеден өтеді де, содан кейін жұмыс беруші қаласа, жас маман келіссе, ол тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін, – дейді Қарағанды қаласының әкімдігіне қарасты Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Баянов.
Жастардың тәжірибеден өтуі мемлекеттік бюджеттің жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға арнаған қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тәжірибеден өткізуге келіскен кәсіпорын, келісімшарт талабы бойынша, жас маманға жетекші тағайындауға, оны техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықпен таныстыруға, керек болған жағдайда арнайы киім-кешекпен, құрал-саймандармен қамтамасыз етуге міндетті. Ал тәжірибеден өту мерзімі аяқталғаннан кейін жас маманға мінездеме беріледі. Қалай болғанда да, жастар тәжірибесінің мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Осы уақыт ішінде жас маман өзі оқыған мамандықтың практикалық қырларын танып, білім-білігін мейлінше арттырып, өзін-өзі көрсетіп, алдағы уақытта жұмыс берушінің талабынан шыға алатындай, сенімін оята алатындай дәрежеге қол жеткізуі керек. Талпынған, ертеңгі күнін ойлаған жастар бұл мақсаттың үдесінен шығуы тиіс.
Бұл бағдарлама жастардың өз әлеуетін бағамдап, келешекке қадам жасауына, өз мүмкіндіктері мен білім-білігін танытуына тамаша мүмкіндік беріп отыр.
Биыл Қарағандыда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына оқу орындарының 322 түлегі қатысты. Солардың жарты-
сы тәжірибеден өту мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа қабылданды. Солардың бірі – балқаштық Қайсар Қарабалин. Ол жастар тәжірибесінен ойдағыдай өтіп, кәсіпорын басшыларының сенімін ақтады.
2010 жылы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжін техник-механик мамандығы бойынша тәмамдап, одан кейін 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің машина жасау факультетін бітірген Қайсар жылдан артық уақыт бойы мамандығы бойынша тұрақты жұмыс таппай жүріп қалған еді. Сөйтіп жүргенде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы «Жастар тәжірибесі» туралы естіп, бірден Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына барған. Мұндағы мамандар ұсынған бірнеше кәсіпорындағы бос жұмыс орындарынан ол «Эксперименттік зауыт №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін таңдап алады.
Өзіне жүктелген міндеттерді тыңғылықты, үлкен жауапкершілікпен атқара білген жас маман тәжірибеден өту мерзімі аяқталар-аяқталмастан, өндіріс орнының металл бұйымдар учаскесіне шебер ретінде жұмысқа қабылданды. Ол-ол ма, арада жарты жылдай ғана өткенде, Қайсар осы учаскенің басшысы болып тағайындалды.
– Мен алдымен жас мамандардың, оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөліп отырған тиімді мемлекеттік бағдарлама үшін Үкіметімізге алғыс айтамын, – дейді Қайсар Қарабалин.
Жұмыспен қамту орталығы жастарға ғана емес, адал еңбекпен табыс тапқысы келетін кім-кімге де жұмыс қарастыруға әрдайым дайын. Қазір орталықтың мәліметтер базасында екі мыңдай бос жұмыс орны бар. Оның ішінде сан түрлі мамандықтар бар, келіп танысқысы келетіндер үшін есік ашық. Тұрақты жұмыс тапқысы келген жанға жалғыз мемлекет көмегі аздық етеді. Ең алдымен адамның еңбек етуге құлшынысы, мақсатына жетпей тынбайтын табандылығы болуы шарт.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02