Қазіргі күндері Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде гандболдан Азияның тұңғыш клубтық чемпионаты өтіп жатыр. Қазанның 26-сында басталған бұл турнирге Иран, Қатар, Өзбекстан және Қазақстан елдерінен 6 команда қатысуда.
Құрлық тарихында алғаш рет қолға алынып отырған бұл жарыс осылайша Сыр бойындағы бас қалада жалау желбіретті. Бұл тектен-тек те емес. Қызылорда елімізде Алматыдан кейін әйелдердің қол добы спорты кең қанат жайған қала болып табылады. Кезінде Алматының «Отан-Дәулетімен» бәсекеге түсе алатын жалғыз команда – «Сейхун-КАМ» дария жағасындағы шаһардан шықты. Қазір «Қайсар» деген ат алған сол команда осы жарыста өнер көрсетуде.
Турнирде еліміздің намысын қазіргі чемпион – Алматы қаласының «Алматы», өткен жылдың лидері – Алматы облысының «Іле» және жергілікті «Қайсар» жасақтары қорғауда.
Жарыстың бірінші күні Өзбекстанның «Узбечкасы» Қатар командасын 32:22, «Іле» Иранның «Санандажын» 41:23, «Қайсар» «Алматыны» 23:20 етіп ұтты. Келесі күні «Алматы» «Узбечканы» 31:22, «Іле» Қатар командасын 35:19, «Қайсар» «Санандажды» 28:24 есебімен тізе бүктірді. Осылайша әзірге «Іле» мен «Қайсар» ұпай жоғалта қойған жоқ.
Турнирде кеше бір күндік демалыс жарияланды. Бүгін топ басындағы екі ұжым өзара ұшырасады.
Аталмыш бәсекенің беделі де биік болғалы тұр. Ол бір жағы биылғы 19 желтоқсанда Қызылордада сөре алатын әлем чемпионатының лицензиялық турнирі де болып табылады.
Жарыс 1 қараша күні мәреге жетеді.
Лаура ШОҢҒАЛОВА
ҚЫЗЫЛОРДА

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25