Қазір ғана "Алматы-Аренада" бокс кешінің басты кездесуі аяқталды. Бірінші орта салмақта WBA Fedelatin және WBO interсontinental тұжырымы бойынша чемпиондық титул үшін ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жекке шыққан қазақ боксшысы Қанат Ислам ұпай санымен жеңіске жетті. Бұл 32 жастағы Қанаттың 22-ші жеңісі.
Бірінші раунд қарсыластар бір-бірін барлаумен өткізді.
Екінші раундта жерлесіміз шабуылға көшіп, бірнеше соққысын дәл тигізді. Аллотей көбіне қорғанумен жүрді.
Үшінші раундта Қанат Ислам қарсыласын бірнеше рет бұрышқа қамап, сол қолымен бастан және бауыр тұстан айтарлықтай салмақты соққылар берді. Аллотейдің қарсы шабуылынан жақсы қорғанғанымен, бір жақын ұрыста Қанат бір-екі мәрте соққы өткізіп алды. Алайда, осы раундта Қанат еркін, сенімді қимылға көшті.
Төртінші раунд жалпылай Қанаттың басымдығымен өтті. Аллотоей тағы да оң жақтан бірнеше соққы жеді. Қанаттың қарсыластан кәсіби деңгейі айтарлықтай жоғары екені байқалды.
Бесінші раунд шамамен тең өтті. Бәрібір дәл тиген соққылар жөнінен Қанат алда тұрды деуге болады. Бірақ осы раундтың соңына қарай кей сәттерде ол сәл шаршағандай көрінді.
Алтыншы раундта Аллотей аяқпен жақсы қимылдап, қашықтықты сақтай білді. Екі-үш соққысы Қанатқа дәл тиді.
Жетінші раундтағы басымдықты Патрикке беруге болады. Ол Қанаттың соққыларынан жақсы қашып, өзі бірнеше рет алыстан жылдам соққы жасай білді.
Сегізінші раундтың басында Аллотей сергек қимылдап, екі-үш джебін дәл өткізді. Раундтың ортасына таман Қанат қашықтықты қысқартып бірнеше дәл соққы жасады. Патрик клинчке көшті.
Тоғызыншыда басымдық Қанатта болды. Раунд ортасында Аллотейдің 2-3 хугы өтті. Алайда раунд соңына қарай Қанат қарсыласын бұрышқа тақап нәтижелі шабуыл жасады. Патрикке соққылардың ауыр тигені осы сәттерде анық білінді.
Оныншы және он бірінші раундтар қоян-қолтық ұрыспен тең дәрежеде өтті. Қашықтық ұстаған Аллотей біршама тың көрінді.
Соңғы раунд өте тартысты өтті. Қанат Ислам алға ұмтылды. Аллотей қаша қимылдады, сәл сергек көрінді. Бірақ дәл соққылар жөнінен жерлесіміз аздап басым болды.
Төрешілер ұпай санымен жеңісті бір ауыздан Қанат Исламға берді.
Жекпе-жектен кейін сөйлеген Қанат Ислам он екі раундтық айқастың өзі үшін оңай болмағанын, Аллотейдің жақсы бокстасқанын, өзінің бұл жеңіспен тоқтамайтынын айтты.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11