30 Қазан, 2016

Қазақстан мұнай өндіруді азайтпайды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан қара алтын өндірісін шектеу мәселесін қарастыруға әзірге дайын емес. Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz REGNUM-ға сілтеме жасап. «Әзірге бұған келісуге дайын емеспіз, - деді Мырзағалиев. - Біз үшін отырысқа қатысу, пікір алмасу, ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің бұған қатысты көзғарасын білу маңызды болды». 29 қазанда Әзербайжан Энергетика министрлігінің басшысы Натик Алиев БАҚ қызметкерлеріне мұнай өндірісін шектеу бойынша ОПЕК-тің  арнайы комитетінің  келесі отырысы осы жылдың 25-26 қарашасында өтетінін хабарлаған болатын. 28-29  қазан күндері Венада мұнай өндірісін тәулігіне 32,5-33 млн баррельге деңгейін шектеу туралы келісімді жүзеге асыру бойынша ОПЕК  арнайы комитетінің бірінші отырысы өтті.