31 Қазан, 2016

Қазақстандықтар Нью-Йоркте велошеру өткізді

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
velosheru-bir Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған велошеру өтті. Оған АҚШ-тағы отандастарымыз, студенттер мен дипломаттар қатысты, деп хабарлайды egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Қазақстандық команданы атақты велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастап барды. Велошеруге еліміздің Нью-Йорктегі Бас консулдығы ұйытқы болып, Қазақстан-Америка альянсы қолдау көрсетті. «Туымызды желбіретіп, Нью-Йорк төрінде велосипед тебеміз деп 25 жыл бұрын кім ойлаған?! Осындағы Орталық саябақта жүргеннің өзі бір ғанибет! Ерте тұрып, саябақ ішінде жүгіріп, айналаны көріп алғам. Адамдар қаптап жүр. Спортты бұқаралық сипатта дамыту дегеніміз осы. Біздің елімізде де салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға көп көңіл бөлініп жатыр. Игі істің жарқын үлгісі - әлемді шарлап жүрген біздің «Astana Pro Team» командамыз», - дейді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров. Велошеруге қатысқандар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық бастамалары және EXPO мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының белгілері бейнеленген жейделер киіп, көпшілік көзайымына айналды. velosheru veloprobeg7