02 Қараша, 2016

Мәми: Кәсіби білікті болу – судьяның басты міндеті

423 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
kayrat-mamiЖоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттарымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмасы  бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 18-қадамын орындау маңызын ерекше атады, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Жоғарғы сот жанынан Академияның құрылуы және жұмыс істеуі заң үстем­дігін қамтамасыз етудің маңызды қадам­дарының бірі ретінде айқындалған. Оны құру кезінде халықаралық тәжірибелер зерделенді, ЭЫДҰ мен Еуропа судьялары хартиясының ұсынымдары, Халықаралық судьялар қауымдастығының және Еуропа судьялары консультациялық кеңе­сінің қорытындылары назарға алын­ды. Осылайша Жоғарғы сот Акаде­мия­мен бірлесіп, барлық қажетті норма­тив­тік-құқықтық база дайындалды, про­фес­сорлық-оқытушылар құрамы қалып­тастырылды, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Бүгін Академия өзінің алдында тұрған міндеттерді шешуге толығымен дайын. 2016 жылғы магистранттарға сөзін арнай отырып, Қ.Мәми олардың заңгерлік мамандық бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесінің барына және түсу емтихандары барысында жіті ірік­теу­ден өткеніне ерекше тоқталды. «Жоғар­ғы сот жанындағы Сот төрелігі акаде­мия­сының алғашқы, сондықтан айрықша түлектері: сот жүйесін тыңғылықты теоретикалық дайындығы бар, білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана алатын жаңа фор­мациядағы кадрлармен толықтыруға тиіс. Қазірден бастап әділдікке қызмет етуші­лерге жүктелетін жауапкершілікті терең сезіну қажет», деді Жоғарғы сот­тың Төрағасы. Академияның профессорлық-оқыту­шылар құрамымен кездесу кезінде жаңа формациядағы заңгер кадрларын даярлау елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің және зият­керлік әлеуетін арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ал Академияның жаңа мәртебедегі негізгі міндеті сот қызметінің ерекшелігін ескере отырып, оқу процесін өзгерту болып та­бы­лады. Бүгінгі күні басымдық ақпарат беруден судьяның кәсіби білікті­лігін қалыптастыруға жасалуға тиіс. Ай­рықша мәртебеге ие бола отырып, Ака­демияның өзі дербес білім беру, ғылы­ми және әдістемелік салада негізгі ереже­лерді әзірлеп, практикаға енгізуге, маман­дар дайындаудың жаңа бағыттарын айқын­дауға, оларды оқытудың мерзімі мен нысандарын белгілеуге құқылы. Қ.Мәми: «Сот төрелігін жүзеге асыру үшін тыңдаушыны психологиялық жә­не моральдық-этикалық дайындау маңыз­ды болып табылады. Бірінші кезекте, оқу жоспарлары мен бағдарламалары тың­дау­шыларды құқық қолдануға машық­тандыруға тиіс», деп атап өтті. Академияны одан әрі дамыту перспективасы Сот білімінің 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясының жобасында көзделген. Қазіргі кезде ол талқылау және пысықтау кезеңінен өтуде.