Аймақтар • Бүгін, 00:06

Шымкентте салмағы 6,5 келі алып сәби дүниеге келді

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте алып сәби дүниеге келді. Ай-күніне жетіп туған шақалақтың салмағы алты жарым келі, бойы 63 сантиметр. Ұлын өзі босанған анасы да баланың алып болып туылғанына таңқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеаранасына сілтеме жасап.

Шымкентте салмағы 6,5 келі алып сәби дүниеге келді

«Екіқабат кезімде баламның ауыр салмақта екенін сезетінмін. Бірақ алты келі болады деп ойламадым. Өзім де таңқалдым, 6 келі 500 грамм деген кезде. Бір күн бұрын УЗИ-ге түскен кезде бес келі 200 деп айтқан», - деді шақалақтың анасы Альмира Жандарбекова

Шақалаққа әкесі Тәуекел деп ат қойыпты. Осыған дейін төрт қыз бір ұл тәрбиелеп отырған 31 жастағы анасы өзге балаларының да салмағы 4-5 келі аралығында болғанын айтады. Әзірге перзентханада жатқан Тәуекелдің тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш. Денсаулығын тексерген дәрігерлер бала сап-сау дейді. Мамандардың айтуынша, алты келіден асып туылатын шақалақтар сирек кездеседі.

«Күйеуі жанында отырды. Ана жерде бүкіл дәрігерлер сасқалақтап қалды. Өйткені бала үлкен боп туылды. Біз ойлағанбыз, 7-8 келі ме деп, алты жарым екен. Баланың жағдайы жақсы, дәрігерлер қарап жатыр. Анасының көңіл күйі жақсы. Үйінде бес бауыры күтіп отыр, төрт қыз бір інісі бар екен», - деді №2 Шымкент ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов.